Қостанай өңірінде де Мұхаммед Пайғамбарымыздың құрметіне қаншама ізгілікті де қайырымдылық мақсаттағы шаралар ұйымдастырылып, үлкен мен кішіге шарапаттарын тигізуде.
Жақында Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешіті атынан «Сәбинұр» атты бөбекжайдағы бүлдіршіндерге ойыншық сыйлықтар табыс етілді. Әрине, балдырғандар үлкен қуанышқа кенеліп, тәрбие орнының ұжымы имандылық ордасының қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің имамдары жергілікті ауылшаруашылығы колледжінде студенттермен есте қаларлық кездесу өткізді.
Жүздесу барысында жастарға елді өркендетуге пайдасын тигізетін азаматтар болуға, мемлекетіміздің нағыз патриоттары атануға байланысты насихат айтылды.
Жиын қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы қоғамға зиянды әдеттерден сақтану жолдары, яғни есірткі мен ішімдікке құмарлық жайында да сөз болды.
Студенттер өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Колледж басшылары мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Республика күні қарсаңында облыстағы төрт аймақ бойынша футболдан өзара жарыс ұйымдастырылды. Ол өте тартысты өтіп, жанкүйерлер табыстарына ортақтасты.
Жарыстың қорытындысы бойынша «Дархан дала» командасы бірінші, «Торғай» командасы екінші, «Жалын» командасы үшінші, «Қамар» командасы төртінші орындарға ие болды.
Жүлдегер командаларға мадақтама қағаздарымен қоса, медальдар және кубоктар табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өңір жұртшылығына белгілі дін қайраткері, ғалым, ұзақ жылдар бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып абыроймен қызмет атқарған Ертай қажы Исламұлы Балахметтің іскерлік қырлары жақсы таныс.
Республика күні яғни, 25 қазанда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанындағы Файзолла қари оқу орталығындағы кітапханаға оның есімін беруге байланысты салтанат болып өтті. Оған Бас имам Бахытбек қажы Тәжімбет бастаған әріптестері мен шәкірттері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, жары Майнұр, туған-туыстары және ұрпақтары қатысты.
Онда Ертай қажымен кезінде сыйласқан замандастары, зиялы қауым өкілдері тебірене естеліктер айтты. Үлкен ұлы, наиб имам Әлішер қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, кітапханаға әкесінің оқырмандар тарапынан үлкен сұранысқа ие болған «Үш Алаш» кітабын сыйға тартты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қалалар мен аудандарда қызмет атқарып жатқан имамдарға арналған семинар болып өтті.
Онда есімдері елге кеңінен танымал дін қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері өзекті тақырыптарға байланысты мазмұнды баяндама жасады.
Мәселен, «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Аңсаган Абдрахманның «Мирас мәселесі» тақырыбын қозғаған құнды пікірлері әріптестеріне үлкен ой салды.
Сондай-ақ, белгілі ғалым әрі ақын Серікбай Оспановтың «Зияткер имам» жөніндегі тұжырымдары дін қызметкерлеріне алдағы уақытта жұмыс барысында игі әсерін тигізетіні даусыз.
Ал, №2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ырысхан Лескеновтың адамдар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты тимбилдингтер өткізді. Оның тағы бір ерекшелігі заманауи «Kahoot.Com» бағдарламасы бойынша логикалық тапсырмалармен таныстырды.
Сонымен қатар Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінің ұстазы, Темірлан қари Даниярұлыныңда имамдарға "Құранды нақышына келтіріп оқу әдіснамасы" бойынша оқу семинары терең мағыналы әрі барша қатысушылардың көңілінен шықты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде облыстың қала аудан бас имамдары бас қосты. Олар қазіргі таңдағы ҚМДБ тапсырмасы аясында "Зират, зиярат және ас беру мәдениеті" сөз өрбітті.
Облыстың найб имамы Туребаев Тимур, "Марал ишан" мешітінің Бас имамы Уәлиев Бектұрсын қажы өз кезегінде сөз сөйлеп пікірлерін білдірді. Сөз барысында аға ұрпақ өкілдеріне топырақты өлімде шариғат жолын ұстану және ысырапшылыққа жол бермеу жөнінде ойын ортаға салды.
Басқосуда Ұзынкөл ауданы "Құрман баба" мешітінің Бас имамы Есенгелді қажы да өз пікірін білдірді. Кездесудің соңында Қарасу ауданының бас имамы Халық қажы батасын беріп, осы шараны ұйымдастырған "Маңдай батыр" мешіті қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде Мәуліт айының құрметіне жамағат арасында облыстық «Адамзаттың асыл тәжі» атты интеллектуалды сира жарысы ұйымдастырылды.
Бұл тағылымы мол игі іс-шараға өңіріміздегі барлық қалалық және аудандық мешіттерден талапкерлер қатысып, бақтарын сынады. Сайысқа Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі арқау болып, олар білімдерін ауызша және жазбаша түрде ортаға салды.
Әділқазылардың шешімімен І орынды Рудныйлық Дәулетпай Мұратхан, ІІ орынды Лисаковтық Ербол Баймағамбетов, ІІІ орынды Бейімбет Майлин ауданынан Нұрдәулет Қазыбекұлы иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға ақшалай сый-сияпат жасалып, мадақтама қағаздар табыс етілді. Жарыс соңында «Ихлас» дәмханасында дастархан жайылды.
Жиналған жамағат ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жоғары көңіл-күймен тарасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда рухани келісім күніне байланысты Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ауыл шаруашылық колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Оған облыс орталығынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер ұстаз Александра Суслова, ауданның бас имамы Асылхан Түсіпбек және шіркеуден Алексей Шматко қатысты.
Жастар баяндамашыларды ұйып тыңдап, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. Кездесуде елдің тыныштығы, бейбіт өмірі мен ынтымақ-бірлігі туралы толық мәлімдеме жасалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде ауданға сыйлы ақсақалдар мен аналар шақырылып, оларға Зират және зиярат мәдениеті жайлы құжат таныстырылды.
Бас имам Еркебұлан Қошан жиынды Құран оқумен бастады. Сөз барысында аға ұрпақ өкілдеріне топырақты өлімде шариғат жолын ұстану және ысырапшылыққа жол бермеу жөнінде ойын ортаға салды.
Басқосуда қатысушылар да өз пікірлерін білдірді. Кездесудің соңында абыз ақсақалдар батасын беріп, мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға арналып "Мәуліт-шариф" оқылды. Оның араб-парсы тілінде оқылуына жергілікті тәжік мұсылмандары диаспорасы мұрындық болды.
Жиналған жұртшылық әсерлі әуенмен оқылған салауаттардан рухани нәр алды. Жайылған дастарханнан қонақтар дәм татты. Соңында абыз ақсақалдар бата берді. Жамағат құптан намазын оқыды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі