Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 06 Ноябрь 2023 12:16

Мешіт ауласына шырша отырғызылды

Облыс орталығынан едәуір жерде жатқан Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері табиғатты қастерлеп, оны көркейтуге де белсене атсалысып келеді.

Осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде жуырда мешіт ауласында имандылық ордасына жанашыр жамағат-шәкірттердің тікелей көмегімен 6 түп шырша отырғызылды.

Алдағы уақытта күтімі мен баптауы келіссе, әлгі отырғызылған шыршалар айналаға ерекше көрік беріп, келіп-кетуші ағайындардың эстетикалық әрі экологиялық мәдениетін арттыруға ықпалын тигізетіндігі сөзсіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 06 Ноябрь 2023 12:14

Торғайлық бауырлармен кездесті

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы киелі Жангелдин ауданына арнайы іс сапармен келді.

Ол жергілікті «Оспан қожа әулие» мешітінің жамағаттарымен жүздесті. Онда «Ислам әлемге түсірілген дін» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қасиетті жұма намазын өткізді.

Мешітке жиналған қауым халықты имандылыққа үндеуде айтарлықтай қызмет атқарып жүрген өз саласының майталманына дән ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы Ашутасты ауылындағы “Ашутасты” мешітінде іс-сапармен болды.

Ол аталмыш елді мекенге ат басын бұрғанда жергілікті имандылық ордасының тыныс-тіршілігімен, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Осындағы жұма намазына қатысып, уағыз-насихат айтты. Ауылдағы жамағаттар оның ой-пікірлерін ерекше ықыласпен тыңдап, ұмытылмас әсер алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Елордада Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай ұйымдастырылған І халықаралық Құран жарысы жалғасуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өтіп жатқан Құран жарысы бүгін қорытындыланады. Жарыстың екінші күнін отандасымыз Әлібек Жалиев бастады. Сондай-ақ бүгін Дағыстан Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Иран, Әзербайжан мен Малайзия қарилары, тағы бір отандасымыз Иманәлі Мырзагелді бақ сынайды.

Айта кетейік, Құран жарысы мүфтияттың төл «Munara TV» телеарнасынан, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан, Діни басқарманың @muftiyatkz ресми инстаграм-парақшасынан тікелей эфир арқылы көрсетіліп жатыр.

Дереккөзге сілтеме

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай тұңғыш рет өтіп жатқан І халықаралық Құран жарысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Құран оқылған үйге, жерге Алланың берекесі мен тыныштығы орнайды. Құран оқылған үй ерекше нұрға бөленеді. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Жер бетіндегілерге жұлдыздар қалай көрінсе, Құран оқылған үй де көктегілерге дәл солай көрінеді». Бүгін қазақ даласы көктен қарағанда шоқ жұлдызға айналғай деп тілейміз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Құранның әрбір (жатталған) аяты (жаттаған кісінің) жәннаттағы дәрежесін көтереді және үйлерінде (оқылған Құран) шамдар секілді (көктегілерге жарық шашады)» деп баяндайды. Алла Тағала мешітте оқылып жатқан қасиетті Құран аяттарымен жерімізді нұрландырғай» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Республикалық бас мешітте өтіп жатқан І халықаралық Құран жарысы ертең де жалғасады.

Дереккөзге сілтеме

Среда, 01 Ноябрь 2023 14:33

Арқалықтағы көрме

Жақында Республика күніне орай Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінде ұлттық нақышта жәрменке және қолөнерлік каллиграфия көрмесі ұйымдастырылды.

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, қасиетті жұма намазына арнайы келген мешіт жамағаттары көрмені тамашалап, он саусағынан өнері тамған жерлестеріне өздерінің дән ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 31 Октябрь 2023 16:22

Меңдіқарадағы Мәуліт мерекесі

Республика күні қарсаңында Меңдіқара ауданындағы «Қарамақы ата» мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға арналған Мәуліт мерекесі болып өтті. Онда жамағатқа мейрам құрметіне дастарқан жайылды.

Жиын барысында, алдымен, қасиетті Құран оқылып, ата-бабаларымыздың рухына дұға жасалды. Жаңадан ашылған асханада Мәуліт қасидасы мен салауаттар айтылды.

«Қарамақы ата» мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошан мешітке демеушілік еткен барша кәсіпкерлерге Алғыс хат, салауат айту іс-шарасына белсене атсалысқан жамағаттарға ақшалай сыйлық пен Құран кітабын табыс етті.

Ал мерекелік басқосуға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мирас Ахметов барша қауымды Мәуліт және Республика күнімен шын жүректен құттықтап, ең ізгі тілегін білдірді.

Содан кейін елімізге танымал сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ел ағасы Бақытжан Сәуекенов мұсылман қауымға ақ батасын берді.

Іс-шара барысында жасөспірімдер қазақтың ұлттық ойыны - асық, ұл мен қыз балалар арасында сақа атудан жарыс өткізілді. Мұнда көзге түскен жеңімпаздарға бас имам Еркебұлан Жаңбырбайұлы мен жұртшылыққа есімі жақсы таныс Алқар Абзалбек ақшалай жүлделерді тапсырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 31 Октябрь 2023 15:20

Арқалық: Өзекті мәселелер қозғалды

Таяуда Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы жергілікті Қазтұтынуодағы көпсалалы колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анюта Ахметбекованың арнайы шақыруы бойынша аталмыш білім ордасының студенттерімен кездесті.

Мұнда ол «Жат ағымдардан сақтану» және «Ислам дінінің бірлігі» деген маңызды тақырыптарда уағыз-насихат айтты және қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.

Бас имаммен жүздесуден кейін еліміздің ертеңі болып табылатын жастар жақсы әсер алып, дін қайраткерімен естелікке суретке түсті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Науырзым аудандық «Түркебай ата» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Республика күні және Мәуліт мерекесінің құрметіне волейболдан турнир өткізілді.

Алдымен, Мемлекеттік әнұран шырқалды. Содан кейін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Амиров құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты айтулы қос мерекемен құттықтады.

Спорттық жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 30 Октябрь 2023 17:15

Апат айтып келмейді

Қарағандыдағы қайғылы жағдай Қостанай жұртшылығына да ауыр тиді. Күтпеген оқиғадан қаншама жазықсыз кісілер жапа шегіп, олардың отбасылары қайғы жұтты. Өткен жексенбі республикамызда аза тұту күні болып жарияланды.

Қарағандылық бауырларымыздың қазасы өңірдегі дін қызметкерлеріне де жеңіл соққан жоқ. Сондықтан облыстың аудандары мен қалаларындағы мешіттерде шахталарда қайтыс болған азаматтардың әруағына бағышталып, дұға жасалды.

Әрине, апаттан зардап шеккен кісілердің отбасы мен балалары мемлекеттің тарапынан қамқорлыққа алынады. Бұл жөнінде тиісті орындар нақты шаралар қабылдайды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«40414243444546474849»
Страница 45 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником