Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 11 Декабрь 2023 11:22

Умраға жолдама

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде мұсылман қауымының қолдауымен игілікті бастамалар жүзеге асырылып келеді.

Жуырда соның бір жарқын айғағы ретінде мешіт жамағаты және еріктілердің ұйымдастыруымен қаражат жиналып, өзі тақуа, қарапайым әрі имандылықты берік ұстанған ардақты азамат Абдусаттарға "Умра" қажылығына жолдама табыс етілді.

Біз ізгі ниеттегі бауырларымыздың таңдауы мен құрметіне ие болған жерлесімізге сәтті сапар тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Декабрь 2023 13:43

Әулиекөл: Қолы ашықтың - жолы ашық

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.

• Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),

• Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Осы ретте қасиетті жұма күнінің құрметіне әулиекөлдік мейірімді жанашыр азаматтардың қолдауымен бір отбасына 3 тонна Шұбаркөл көмірін түсіріп берілді.

Сондай-ақ, 8 отбасына азық-түліктей көмек көрсетілді. Олар шексіз қуанышқа бөленді. Өздеріне қайырымдылық көмек жасаған жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Декабрь 2023 11:55

Алғыс арқалаған Бақыткүл

Жақында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің ұжымы Еріктілер күніне орай көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылып, олардың шынайы алғысына бөленіп жүрген жүрегі мейірімге толы Бақыткүл Мүсілімқызына құрмет көрсетті.

Оны адал қызметі үшін шын жүректен құттықтап,отбасына амандық, абыройлы жұмысында табыс тіледі. Оған деген ілтипаттың жарқын белгісі ретінде Алғыс хат табыс етті.

Біз алдағы уақытта да қазақтың осынау дарқан да кеңпейіл қызы жемісті қызмет атқарып, өзінің іскерлік қырларымен таныла береді деген нық сенімдеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 08 Декабрь 2023 11:06

Құрман баба есімі ұлықталды

Қазақ халқы Марал ишанды көрнекті дін қайраткері, әулие, ислам құндылықтарын насихаттаушы ретінде жақсы біледі. Ал оның әкесі Құрман Кенжебайұлы да кезінде жұртшылық арасында өте белгілі діндар адам болыпты.

Осы бабамыздың есімін мәңгілік қалдыру мақсатында Қостанай өңіріндегі ардақты ақсақалдар, облыстың Бас имамы бастаған дін жанашырлары, ұрпақтары уақытпен санаспай жұмыс атқарды.

Соның нақты дәлелі ретінде Ұзынкөл аудандық бұрынғы «Балықты» мешітіне оның есімі берілді. Жуырда осынау айтулы оқиғаға байланысты салтанатты жиын болып өтті.

Оған өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері, бірқатар аудандардың имамдары, бабамыздың ұрпақтары қатысты. Өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Алдымен, аудан әкімі Азамат Аужанов жұртшылықты қуаныштарымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Содан кейін елімізге танымал тұлға Оралхан Таңжарықов, белгілі кәсіпкер Ибраш Естаев, Халықаралық мәртебелі сыйлықтардың лауреаты, ғалым, ақын Ақылбек Шаяхмет, Құрман бабамыздың ұрпағы Мұхаметхан Омаров тебірене сөз сөйледі.

Жиналған қауым облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің ой-толғамдарын ұйып тыңдады. Ол даңқты бабамыздың атын мешітке беру жолында атсалысқан барша азаматтардың аты-жөніне жан-жақты тоқталды. Болашақта да бұл киелі орын жерлестерімізді имандылыққа шақыратын руханият ордасы болып қала беретіндігіне нық сенімді екендігін тілге тиек етті.

Көпшілік алдында нақты істерімен басқосудың жоғары деңгейде өтуіне қомақты үлес қосқан жүрегі жомарт жандарға сый-сияпат жасалды. Ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бойынша иықтарына шапан жабылды.

Жайылған дастарқан басында дін қайраткері, облыстағы өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының, жоғарыда аталған мешіттің іргетасы қаланғаннан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан имам, Ұзынкөл ауданының Құрметті азаматы Есенкелді қажы Сақтағанұлының, кәсіпкер тұлға Тұрсынбай Сәдуақасовтың және басқалардың есімдері көпшілікке үлгі екендігі айтылды.

Басқосуда ел құрметіне бөленген абыз ақсақал Кенесары Мырзахметов ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Әулиекөл ауданындағы Сұлукөл елді-мекенінде жаңа мешіт пайдалануға берілді. Сөйтіп, жергілікті халық үлкен қуанышқа бөленді. Салтанатты шараға аудан әкімі Жансұлтан Тәукенов, облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрбол қажы Балахметов және тұрғындар қатысты.

Ауыл ақсақалы Тілеген Жұматов пен кәсіпкер Мәлік Қиқымов лентаны қиып, мешіттің ашылу рәсімін жасады.

Жоғарыда аталған құтты қоныстың тумасы, шаруа қожалығының басшысы Мәлік Кәдірұлының осындай заманауи мешіт салып, жұртшылықтың игілігіне айналдыру көптен бергі арманы болатын.

Алдына үлкен мақсат қойған азамат имандылық ордасын небәрі төрт айда тұрғызып, жамағатқа есігін айқара ашты. Жүзге тарта адамға лайықталған киелі орын әсем безендірілген. Мұнда әйелдер бөлмесі де бар.

Алыстан көз тартатын мешіттің маңдайшасына Есқали атаның есімі айшықты етіп жазылған. Марқұмның ұрпақтары бұл күндері елге үлгі болар тұлғаларға айналған. Бұған жан-жақтан келген жерлестерінің көзі айқын жетті. Жомарттық танытқан жанашыр жанға аға ұрпақ өкілдері батасын берді.

Мәлік Қиқымов қыстан қысылмай шығу мақсатында мешітке қажетті мөлшерде отын-көмір түсіріп берді. Ал, ауыл молдасы Балғабай бауырымызға имандылық жолындағы қызметінде сәттілік тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин «Ислам - ізгілік қоғамы» жылы аясында семинар ұйымдастырды. Оған өңірдегі бірқатар аудан және қала имамдары, жергілікті ақсақалдар мен жамағаттар қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жылдық жоспар шеңберіндегі басқосуды Сабыржан Зейнелғабиденұлы ашып, «Дін қызметінің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Ол дін саласы қызметкерлерінің ұстанатын этикасы мен негізгі міндеттеріне жан-жақты тоқталды.

Семинарда Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев «Дін мен дәстүр сабақтастығы», облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің ұстазы Нұрлан Сейдағалиев «Елге қызмет – өзіңе қызмет», облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Бақберсін Ізбасаров «Тәңіршілдік дін емес, адасушылық» тақырыптарын сөз етті.

Жиын соңында қатысушылар имам-ұстаздарға сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Ақсақалдар бата берді. Осындай өзекті мәселелерді арқау еткен кездесу жұртшылықтың көңілінен шықты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр"және Рудный шаһарындағы "Нұр" мешіттерінің Бас имамдары Дархан Манарбекұлы мен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Қостанай ауданына қарасты Надеждин ауылдық округінде болды.

Олар жергілікті ақпараттық насихат тобының аясында Воскресенов елді-мекеніндегі мектеп мұғалімдерімен "Деструктивті діни ағымдардың зиянды әсері" тақырыбында әңгіме өрбітті.

Жүздесу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Ұстаздар қозғалған мәселеге байланысты көкейде жүрген сауалдарын қойып, тиянақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 05 Декабрь 2023 12:38

Қостанай: Талапты жетер мұратқа

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде дәріс беретін Әлібек қаридың шәкірттерінің арасында мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Оған қатысушылар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Салтанат намазхан, екінші орынды Марат есімді бауырымыз, үшінші орынды ізденімпаз ақсақал Мұстафа қажы иеленді.

Бұл жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат – шәкірттердің білімдерін шыңдау. Олар «Талапты жетер мұратқа» демекші, алдағы уақытта өздерін жан-жақты танытып, биік белестерді бағындыра береді деген үміттеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 04 Декабрь 2023 09:30

Лисаков: Тәртіп сақшыларымен кездесу

Таяуда Лисаков қалалық полиция басқармасының бастығы Қазыбек Бисембаевтың ұйытқы болуымен тағылымы мол кездесу ұйымдастырылды.

Жиында Қостанай аудандық «Маңдай батыр» және Денисов аудандық «Жұма» мешіттерінің Бас имамдары Дархан Сыздықов пен Азамат Мурзакановтар қазақ-орыс тілдерінде «Жат ағымның белгілері және қоршаған ортаға зияны» жөнінде ақпарат берді.

Қатысушылар дін қайраткерлеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауап алд

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 04 Декабрь 2023 09:27

Денисов: Жаңа имам іске кірісті

Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имам қызметіне Еркебұлан Жаңбырбайұлы Қошан тағайындалды.

Еркебұлан Қошан өз саласын жетік меңгерген білікті маман. Өткен жылдары алдымен Жамбыл облысы Қарғалы ауданында дайындық курсын тәмәмдады. Содан кейін Шымкент қаласындағы «Қазақ-араб» (Отырар) университетінде тарихшы, дінтанушы мамандығын игерді. Бертін Алматы облысы, Қарасай ауданы Шамалған медресесінде ұстаз, уақыт өте Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің азаншы болды. Ол 2018 жылдан бастап Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітіне басшылық етті.

Ал, аталған «Жұма» мешітінде осы кезге дейін Бас имам болған Азамат Серікбайұлы Мурзаканов найб имамдың қызметке бекітілді. Ол еліміздегі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Соңғы жылдарға дейін өңірдегі бірқатар аудандардағы мешіттерде жауапты қызмет атқарды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«35363738394041424344»
Страница 40 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником