Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 04 Декабрь 2023 09:23

Жітіқарадағы «Әуезді азан» сайысы

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде Қасиетті жұма күнінің қарсаңында жамағат арасында "Әуезді азан" сайысы өтті. Онда 10 адам бақтарын сынады.

Аталған жарысқа жергілікті мешіттің бас имамы Айбек Қабиев, найб имам Саидаббос Мираманов және Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Тимур Туребаев, Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Әкімбек Асанов әділқазылық етті.

Бұл сайыстың негізгі мақсаты - мешіт жамағатының діни білімге, Мұхаммед Пайғамбарымыздың сүннетіне деген ықыласын арттыру. Жиналған жұртшылық осындай танымдық-тағылымдық шараны өткізуге мұрындық болған Айбек Аманқосұлына ризашылықтарын білдірді.

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Тимур Құрманғазыұлы сөз алып, мұндай тәлімі мол сайыстар жамағаттың шеберлігін шыңдайтындығына айрықша тоқталды.

Жарыстың қорытындысы бойынша І орынды Ербол Сарбеков (30 000 теңге), ІІ орынды Ербол Абибуллаев ( 20000 теңге), ІІІ орынды Батыржан Әлмұхамбетов (10000 теңге) иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Лисаков қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жергілікті кітапханада маңызды жиын өткізілді. Оған Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имам Әлішер Балахмет және шаһардағы «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің Бас имамы Әкімбек Асанов арнайы шақырылды.

Осынау кездесу барысында қазіргі таңдағы жұртшылықты толғандыратын өзекті мәселе «Жат ағымның зияны және оның қоғамға тигізер зардабы» жайлы мәлімет келтірілді.

Қатысушылар дін қайраткерлеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Дәл осындай тақырыпта Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде тәрбиелік мәні зор жиын өтті. Оның атауы да көп жайдан хабар беріп тұрғандай.

Онда сол өңірдегі шаңырақтың иесі болып отырған ер азаматтар арнайы шақырылды. Игі шарада «Әке мектебі – отбасы тірегі» деген маңызды мәселе бойынша уағыз-насихат айтылды.

Басқосуда қатысқан жанұя басшыларының сауалдарына нақты жауап берілді. Осындай пайдалы кешті ұйымдастырушыларға азаматтардың алғыстары шексіз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 29 Ноябрь 2023 10:31

Дені саудың – жаны сау

Салауатты өмір салты— бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен.

Міне осы орайда Қостанай қалалық "Жайлаубай ата"мешітінің имамдары мен шәкірттері бірігіп, сенбі сайын Құптан намазынан кейін "Спорт-денсаулықтың кепілі" тақырыбында жамағат арасында волейбол жарысын ұйымдастырып келеді.

Мұндағы негізгі мақсат - жамағаттың ынтымақ-бірлігі мен өзара сыйластығын, салауатты өмір салтын барынша нығайту.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 29 Ноябрь 2023 10:29

Жітіқара: Қайырымды жұмада

Мешіт тек ғибадат үйі ғана емес. Ол жерден жақсылықты үміт еткен әрбір жанға жақсылық нәсіп болатыны шүбәсіз.

Осы орайда өткен күндері Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде «Қайырымды жұма» шарасы өткізілді. Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 отбасыға азық-түлік берілді.

Осы мақсатқа 144 000 теңге жұмсалды. Қуанышқа бөленген жанұялар өздеріне жасалған қамқорлық үшін жүрегі жомарт жандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 29 Ноябрь 2023 10:22

Лисаковтағы рухани кеш

Лисаков шаһарындағы Мәдениет үйінде Мұхаммед Пайғамбарымыздын туған күніне орай ғибраты мол рухани кеш өткізілді. Оған Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет бастаған өңірдегі қала және аудан имамдары қатысты.

Жиналғандар алдында қала әкімінің орынбасары Саят Жұматұлы сөз сөйлеп, жерлестерін Мәуліт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, Бахытбек Нұрғабылұлының ізгі лебізі мен айтқан уағыз–насихатын жұртшылық ұйып тыңдады.

Рухани кештен кейін қала әкімі Абай Ибраев Мәуліт мейрамының құрметіне ас берді. Дастархан басында облыстың Бас имамы, жергілікті абыз ақсақалдар тебіреніске толы тілектерін жеткізді. Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұстазы Әлібек қари Құран оқып, Шоқан қажы Әмірханов бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 28 Ноябрь 2023 12:06

Бас имам Лисаков қаласында

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет арнайы іс-сапармен Лисаков қаласында болды. Онда ол шаһар әкімі Абай Ибраевпен кездесті.

Қала басшысының қабылдауындағы әңгіме барысында жергілікті мешітте шешімін күтіп тұрған өзекті мәселелер қаралды. Абай Сәрсенбайұлы халық үшін аса маңызды «Қамқор – шарапат» салттық қызмет көрсету орталығына бөлінген жерді кеңейту және келесі жылы мәйітхана құрылысын жүргізуді бастап, оны толық аяқтауға сөз берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 28 Ноябрь 2023 12:03

Ел үлесі пәтерге: 709 баспана

ҚМДБ-ның бастамасы аясындағы ұйымдастырылып жатқан жұмыстар аясында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы, Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрамұлы Жітіқара қаласында қуанышты жәйтке куә болды.

Ол үлкен жоба аясында 63 жастағы жалғыз басты азамат Есенғали Саматұлына шаһардағы үш қабатты үйден 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл осымен елімізде қолға алынған "Ел үлесі - пәтерге" жобасы бойынша жерлестерімізді үстіміздегі жылы қуанышқа бөлеген № 709-шы баспана.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 28 Ноябрь 2023 11:57

Қостанай: Жүлдегерлерге құрмет

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде мектеп жасындағы қыздар арасында діни-танымды викториналық сайыс ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың аяқталуына байланысты шәкірттер өздерінің білімдерін сарапқа салды. Әділқазылардың шешімімен І орынды “Фирдаус”, ІІ орынды “Кәусар”, ІІІ орынды “Раян” топтары иеленді.

Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен мадақтама табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 28 Ноябрь 2023 11:53

Арқалық: Дастархан басында уағыз

Қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы, Ербол және Азамат есімді бауырларымыздың қолдауымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және ізгі қоғам» жобасы аясында бейсенбі күндері жергілікті студентер және жамағаттар арнайы шақырылып, берекелі дастархан жайылды.

Бұл іс-шараларда Бас имам «Сабырлық — асыл қазына», «Имандылық айнасы» тақырыптарында уағыз айтып, жұртшылықты әрдайым тіршілікте сабырлы, иманды болуға шақырды. Содан кейін құптан намаздары оқылды.

Нұрхан қажы Асанұлы қос азаматқа ізгі лебізін білдіріп, отбастарына шадыман шаттық және баянды бақыт тіледі.

Алдағы уақытта да жамағаттың ауыз бірлігі мен ынтымағын нығайту мақсатында әр бейсенбі сайын осындай дастархан басындағы маңызды әңгіме жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Страница 41 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником