Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Алтынсарин ауданына арнайы іс сапармен барды. Ол мешіттің сыртындағы құрылыс нысандарымен, оның ішінде мәйітхана және артынан тұрғызылатын қосымша орындармен танысты.
Сонымен қатар «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде өткізілген Мәуліт мерекесіне қатысты. Онда облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет және Тобыл қалалық мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы Мәуліт- шариф оқып, Бектұрсын Торғайбайұлы бата берді.
Содан кейін Бас имам аудан әкімі Арнұр Сартовпен іскерлік жағдайда кездесіп, болашақта жүзеге асырылатын маңызды жұмыстарды талқылады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі