Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Пятница, 19 Январь 2024 14:32

Ұзынкөл: Мешіттегі маңызды дәріс

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған «Қамқор – Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының тапсырмасына сәйкес Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде дәріс өткізілді.

Онда қазіргі таңдағы маңызды мәселе - «Мәйітті арулап аттандыру» тақырыбы жан-жақты сөз болды. Жиын барысында жамағат тарапынан бірнеше сауалдар қойылып, оған нақты жауап берілді.

Ерекше атап өтер жай, тәжірибелі де беделді дін қайраткері Есенгелді қажы Әжімахантегі мұндай жұртшылыққа берері мол басқосуларды жиі ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Январь 2024 14:30

Сарыкөл: Кітапханадағы кездесу

Таяуда Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің қыз балаларға дәріс беретін ұстаз Фатима Асанова аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесіп, көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Мәселен, онда «Зорлық - зомбылықтың алдын алу» тақырыбы қозғалып, уағыз айтылды. Жүздесу соңында қатысушылардың қойған сауалдарына нақты жауап берді.

Руханият ордасындағы ұйымдастырылған бұл басқосу қызметкерлерге үлкен әсер қалдырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Январь 2024 14:25

Ұзынкөлдегі ғибратты кездесу

Еліміздің жарқын болашағы арамызда жүрген өскелең ұрпақ екені белгілі. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру тек ұстаздар ғана емес, баршамыздың міндетіміз.

Бұл орайда Есенкелді қажы Сақтағанұлы басқаратын Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде өзгелерге өнеге боларлық маңызды басқосулар жиі өткізіледі.

Осы сөзіміздің айғағы ретінде жуырда жергілікті жастар ұйымдары және белсенді жастармен «Исламдағы жас отбасының құндылықтары», «Жастар және дәстүр» тақырыптарында тартымды кездесулер ұйымдастырылды.

Аталмыш жиындарда үкілі үмітіміз болып табылатын жігіттер мен қыздарға ой саларлық тағылымды әңгімелер өрбіліп, құнды пікірлер ортаға салынды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Январь 2024 14:18

Қостанай: Марапаттаулар

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіндегі имамдардың басқосуында Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өткен жылғы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша Бас мүфтидің атынан бірқатар имамдарды құттықтап, оларға Алғыс хаттарды табыс етті.

Олардың қатарында дін қайраткерлері - облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Балахмет, Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінің Бас имамы Есенгелді Әжімахантегі, Қарасу ауданының Бас имамы Халық Әбсаттаров, Қостанай ауданына қарасты «Алтын дала» ауылдық мешітінің молдасы Берік Хамитұлы бар.

Ұзақ жылғы жемісті қызметі үшін Қарасу ауданының Бас имамы Халық Әбсаттаровқа шипажайға жолдама берілді.

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңірде адал еңбегімен дараланған және дін саласында қызмет атқарып жатқан 12 адамға Алғыс хаттарды табыс етті.

Мәселен, облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» - «Ең үздік қала мешіті», «Тойғанша ана» - «Ең үздік ауыл мешіті» атанды. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Үздік мешіт тазалықшысы» деген номинация да бар.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 26 Январь 2024 14:13

Алдағы міндеттер сараланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі Ұлу жылын «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп атады.

Осыған байланысты Қостанай облыстық мешітінде 2024 жылдың алғашқы жиыны болып өтті. Оған өңірдегі аудандар мен қалалардың бас имамдары және бөлім басшылары қатысты.

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Бас мүфтидің бағдарламалық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылар нақты жұмыс жоспарына тоқталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 16 Январь 2024 16:59

Халал сертификаты

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде екі бірдей кәсіпкерге - «Qazaq Et» және «Моя узбечка» тағамдық орталығына «Халал Даму» сертификатының куәліктері табысталды.

Оларға маңызды құжатты жиналған жамағаттардың алдында ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты маманы Әлішер Ертайұлы табыс етті.

Осы арада айта кетер жай, енді алдағы уақытта аталмыш дәмханаларда арақ-шарап сатылмайды. Барлық дайындалатын тағамдар шариғат талаптарына сай әзірленеді.

Бұл күндері өңірде осындай сертификаттар куәлігін 25 кәсіпорын алды. Олардың иелері үстіміздегі жылы жұмыстарын барынша жандандыра береді деген үміттеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 16 Январь 2024 16:56

Қостанай: Хадистен жарыс

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы «Хадис-ғұрыпымыз, сүннет-салтымыз» атты жамағаттардың арасында хадисті жаттаудан екінші рет жарыс ұйымдастырды.

Оның қорытындысы бойынша І орынды Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің шәкірті Мейрам Жұмабекұлы, І және ІІІ орынды қостанайлық талапкерлер Серікжан Әміржанұлы мен Қайрат Мерхатұлы иеленді.

Сайысты өткізудегі мақсат – Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадисін жаттап, қазыналы біліммен сусындау. Аталмыш іс-шараға «Хамза» сауда орнының иесі демеушілік етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған "Қамқор - Шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде семинар өткізілді.

Онда қазіргі таңдағы маңызды мәселе - «Қабір зиратының әдептері» тақырыбы әңгімеге арқау болды. Жиын барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берілді.

Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, бұл өмірлік мәні зор жайды әрбір мұсылман бауырларымыз білгені абзал.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 15 Январь 2024 09:26

«Жайлаубай ата» мешіті: Екі айлық курс

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесі орталығының қолдауымен өткен жылдың қарашасы мен үстіміздегі жылдың 5 қаңтары аралығында ұйымдастырылған екі айлық білімді жетілдіру курсы өз мәресіне жетті.

Онда өңірдегі қала мен аудандар, ауылдардан келіп, білім нәрімен сусындаған шәкірттер Құран, Ақида, Фиқх, Ислам тарихы, Сира және өзге де пәндерден сабақ алды. Оларға білікті ұстаздар дәріс берді.

Қасиетті жұма күні талабаларға облыс имамы атынан сертификат табыс етілді. Енді аталмыш курс осы жылдың 15 қаңтарында басталғалы отыр.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 15 Январь 2024 09:25

ХАЛАЛ: Дәмханаға сертификат табысталды

Үстіміздегі жыл Қостанай өнірінде жағымды жаңалықтармен басталды. Осы күнге дейін халыққа қызмет көрсетіп келген «Моя узбечка» дәмханасының ұжымы ҚМДБ-ның «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының куәлігіне ие болды.

Маңызды құжатты алған кәсіпкер Азиз Абдисаламұлына ҚМДБ-ның «Халал даму» бөлімінің Қостанай облысы бойынша жауапты маманы Әлішер Ертайұлы арнайы табыс етті.

Ерекше атап өтер жай, енді алдағы уақытта аталмыш дәмханада арақ-шарап сатылмайды. Барлық тағамдар шариғат талаптарына сай дайындалады. Қазірге дейін аймақта мұндай сертификат куәлігіне 25 кәсіпорындар ие болғанын атап өткен жөн.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«32333435363738394041»
Страница 37 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником