Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Четверг, 15 Февраль 2024 17:56

Жастар үні

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиев Сарыкөл ауданындағы іс-сапары кезінде жергілікті «Аққозы қажы» мешітіне ат басын бұрып, жамағатпен кездесті.

Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл бекіткен «Ислам және ұлттық құндылықтар» жылы жайлы баяндады. Сонымен қатар аудандық тіл дамыту орталығында болып, жастармен жүздесті.

Ол мұнда бүгінгі таңдағы көкейтесті Отанды сүю, патриоттық сезім, Ислам діні және руханият тақырыптары жөнінде әңгімеледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 15 Февраль 2024 17:48

Сарыкөлдегі кездесу

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Сарыкөл ауданындағы іс-сапарында алдымен аудан әкімі Амантай Балғариннің қабылдауында болып, өзекті мәселелер талқыланды.

Бас имам өңірдегі қалыптасқан діни ахуал және басқа да жергілікті жұртшылықты толғандыратын маңызды жайларды қозғады. Сонымен қатар аудандық «Аққозы қажы» мешітінің алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде сөз етті.

Содан кейін дін қайраткерінің аудандық кітапханада және мәдениет үйіндегі жүздесулері де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда халықтың көкейінде жүрген тақырыптар әңгімеге арқау болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің өңірге сапары одан әрі жалғасты. Ол алдымен Алтынсарин аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.

Тәртіп сақшыларымен жүздесуде деструктивтік діни ағым жайында әңгімеледі. Қатысушылардың көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.

Содан кейін аталмыш ауданға қарасты Обаған ауылдық округі әкімдігіндегі жиын да жұртшылықтың есінде қаларлықтай өтті. Мұнда дін қайраткері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл бекіткен «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылының мәні мен мақсатына кеңінен тоқталды.

Ал аудандық Мәдениет үйіндегі басқосуда Бахытбек Нұрғабылұлы «Жат ағымға жол жоқ» тақырыбын тілге тиек етті. Өзекті мәселеге байланысты қойылған сауалдарға өмірден алынған тұжырымдарға сүйеніп, жауап берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 13 Февраль 2024 12:57

Қостанай: Денсаулық зор байлық

Қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы жамағат арасында волейболдан ”Байлық- байлық емес, денсаулық- байлық “-атты жолдастық кездесу ұйымдастырды.

Жарыс өте тартысты өтті. Мұндағы негізгі мақсат - намазхандардың арасындағы ауыз біршілік пен ынтымақты, салауатты өмір салтын одан әрі нығайту.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Өткен жұма күні Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында жергілікті ақсақалдар мен жастар жамағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы құжатын таныстырды.

Халық Меккеге қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсететіні белгілі. Алайда, қажылар да өз кезегінде күнделікті өмірде өздерінің көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуы тиіс екенін жан-жақты баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 09 Февраль 2024 17:02

Қостанай: Миғраж түні

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата”мешітінің ұйытқы болуымен жамағатқа “Исра және Миғраж түні” мерекесіне орай ауыз ашар дастарқаны жайылды.

Жиын барысында ұстаз Нұрислам Сәтсапарұлы намазхандарға миғражға байланысты оқиғаны кеңінен баяндады. Оның ұлағатты сөздерін қатысушылар ұйып тыңдады.

Басқосу соңында жамағатпен Құптан намазы оқылып, еліміздің тұғыры берік және тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін дұға жасалынды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялағаннан бері дін қайраткерлері өңірдегі мешіттерде, мәдениет үйлері мен кітапханаларда халықпен кездесулер өткізуде.

Мәселен, жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Қарабалық ауданында арнайы іс-сапарда болды. Қызмет барысында бірнеше ұжымдармен жүздесті.

Мысалы, алдымен тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік қызметкерлерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ислам және дәстүр» түсінігі аясында діни ағартушылық тақырып қозғалды.

Содан кейін аудандық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жергілікті ақсақалдармен семинар өткізіліп, ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесулер соңында аудандық «Ғашура ана» мешітінің жамағатымен дидарласып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 07 Февраль 2024 16:14

«Аталар» мектебінің жиыны

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялағаны белгілі.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде осы жыл аясында «Аталар мектебін» құру мақсатында ақсақалдармен алғашқы жиын болып өтті. Онда өңір бойынша аталған маңызды жобаның жылдық жұмыс жоспары таныстырылды.

Атап айтатын болсақ, «Ішімдіктен бас тарқан ауыл», «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат», «Біз – құмар ойынға қарсымыз!», «Нашақорлыққа – жол жоқ!», «Лудомания үлкен дерт!» секілді өзекті тақырыптар қамтылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 07 Февраль 2024 16:12

Федоров ауданында

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Федоров ауданында арнайы іс-сапармен болғанда бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Мұнда алдымен жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және дәстүр құндылықтары» тақырыбы жайлы кеңінен әңгімеледі.

Сонымен қатар, Бас имам жергілікті салынып жатқан мешіттің құрылыс барысымен де танысты. Әрине, ол болашақта пайдалануға берілетін имандылық ордасының жай-жапсары жөнінде өзінің пікірін ортаға салып, жауапты мамандарға сәттілік тіледі.

Бұл имандылық ордасы келешекте мұсылман бауырларымыздың құлшылық орнына айналады деген үміттеміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 07 Февраль 2024 16:08

Ауданның әкімімен кездесті

Облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Федоров ауданына сапары кезінде алдымен аудан әкімі Тәуба Қайыржанұлымен кездесті.

Мұнда өңірдегі діни ахуал жайы айтылды. Сондай-ақ, жергілікті жерде салынып жатқан мешіттің құрылысы жөнінде сөз болып, басқа да маңызды мәселелер әңгіме арқауына айналды.

Жалпы, кездесу іскерлік жағдайда өтті. Дін қайраткерінің сапары одан әрі жалғасты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Страница 34 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником