Қостанай өңірінің халқына Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Қасымхан Алдабергеновтың есімі жақсы таныс.
Кеудесі шежіреге толы абыз ақсақалдың 99 жасқа толуына байланысты облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев оның берекелі шаңырағында болды.
Ол аузы дуалы, сөзі уәлі, жыршы, ақын әрі қаламы қарымды қаламгерді туған күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Ал дін қайраткерінің шынайы ілтипатына дән риза болған ардақты ақсақал, Қостанай облысының құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлы өз кезегінде Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына жаңа қызметінде толағай табыс тілеп, ақ батасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі