Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Среда, 09 Апрель 2025 18:28

Білікті мамандар бас қосты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі діни оңалту бағытына жұмылдырылған мамандарға семинар ұйымдастырды.

Аталған шараға өңірдегі қалалық және аудандық мешіттердің Бас имамдары мен басқа да дін қызметкерлері қатысты.

Жиында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев сөз алып, күн тәртібіне арқау болған мәселелерге аса жауапкершілікпен қарап, жұмысты барынша жандандыру керектігін айтты.

Облыстағы діни оңалту бағытына жауапты маман Сабыржан Есмурзин 2025 жылы жүзеге асырылатын міндеттер мен мақсаттарға тоқталды. Сонымен қатар оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері аясында маңызды жайлар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 04 Апрель 2025 14:59

«Жайлаубай ата» мешітінің тынысы

Шәууәл айына арналған ауызашар

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Шәууәл айының 6 күндік Оразасы құрметіне әрі бейсенбінің фазилатына арнап жамағатқа ауызашар дастарқанын жайды.

Содан кейін наиб имам Бақберсін Ізбасаров жиналғандарға уағыз-насихат айтты. Жұртшылық оның ұлағатқа толы сөздерін ұйып тыңдады.

Бірлік бар жерде тірлік бар

Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қасиетті жұма күні түрлі есте қаларлық тағылымды шаралар өткізуді дәстүрге айналдырды.

Бұл жолы намаздан кейін жамағаттардын ауызбірлігі мен ынтымағын нығайту мақсатында бауырсақ пен сусын таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 01 Апрель 2025 09:11

Балаларға қуаныш сыйлады

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде Айт мерекесі биыл да ойдағыдай аталып өтті. Мәселен, Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектебінің 5-ші сынып оқушылары мен ұстаздары имандылық ордасына арнайы келді.

Бас имам оларды мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, Ораза айт мұсылмандар үшін айтулы мереке екендігін түсіндірді. Балалар дін қайраткеріне нақты сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Сондай-ақ, аталмыш мешітте Ораза айттың құрметіне 30 бүлдіршінге тәттілер таратылды. Бас имам оларды мерекемен құттықтап, оның мәні мен маңызы жайлы баяндады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 01 Апрель 2025 09:08

Ұзынкөлдегі айт мерекесі

Ұзынкөл ауданының Бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы Ораза айт күні жергілікті шіркеудің басшысы Юрий Петровичпен ақылдаса отырып, ынтымақтастық пен бірлікті нығайту мақсатында жастарға арналған футболдан іс-шараны ұйымдастырды.

Ынталы жастар бастаманы қолдап, спорттық шараға белсене қатысты. Ауданның дін басшылары жиналғандарға еліміз үшін аса маңызды ауызбірлік, сыйластық және достық туралы насихат айтты.

Футбол ойынынан кейін «Құрман баба» мешітінің асханасында Айт мейрамына арналған дастархан жайылды. Оған өзге ұлт өкілдері де шақырылды.

Ұзынкөлдіктер Бас имамның халықты ынтымаққа үндейтін басқосуды өткізуге мұрындық болғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Сонымен қатар Бас имам «Айгөлек» балабақшасында да болды. Онда кішкентай бүлдіршіндерді айт мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Тәрбие орнының ұжымы Есенкелді қажыға ыстық ілтипаты үшін өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2025 17:34

Айт күнгі қуаныш

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Ораза Айт мерекесіне орай 55 шәкіртке "Ya Ya" ойын-сауық саябағында ұмытылмас іс-шара өткізді. Оған 150 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалды. Айт мерекесін сезінген балалардың қуанышында шек болмады.

Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың сөзіне қарағанда, олардың жүздерінен бақыттың нұрлы шуағын көрудің өзі бір ғанибет.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2025 15:18

Рамазан айының шарапаты

Есімі елімізге кеңінен танымал дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы уақытпен санаспай қасиетті Рамазан айы бойы қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек жасады.

Сондай-ақ, имандылық ордасында Ораза айт мерекесінің құрметіне 10 отбасыға 100 мың теңге тұратын азық-түлік табыс етілді. Шаңырақ иелері демеушілер мен ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар жүрегі жомарт жандардың жанашырлығымен әлеуметтік жағдайы төмен тағы бір жанұяны азық-түлік және үй ішіне қажетті төсенішпен қамтамасыз етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2025 15:16

Ораза айт құтты болсын

Биыл Федоров аудан мұсылмандары мешітте ерте жиналып аудан имамның Руслан Маратұлының ораза айт жайында насихат тындады. Уағыз насихаттан кейін айт намазы оқылып дұға жасалды. Дүниеден өткен момын мұсылмандарға құран бағышталды. Одан кейін асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындардан жарыстар өткізілді. Ұлттық ойындардан кейін мешітте жамағатқа дастарқан жайылып айт шәйі берілді. Аудан кәсіпкері Гулиев Замик өз атынан 100 адамға қайырымдылық жасап азық түлік таратты.

Понедельник, 31 Март 2025 09:27

Қостанайдағы Ораза айт намазы

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша қостанайлықтар облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы»мешітіне таңертенгі сағат 7:30-да жиналды. Оразаны толық ұстап, тарауыққа қатысқан үлкенді-кішілі қауымның көңіл -күйі жоғары. Олар бір-бірін айтулы мерекемен құттықтасып жатты.

Жиналған жұртшылықтың алдында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы сөз алып, барша қауымды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Ораза айт намазынан кейін жамағатқа дастархан жайылып айт шайы берілді.

Мұндай айт намазы өңіріміздегі барлық аудандар мен қалалардағы, кенттердегі мешіттерде бір мезгілде өткізілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2025 09:23

Пәтердің кілті табыс етілді.

Рамазан айлардың сұлтаны деп босқа айтылмайды. Өйткені, бұл айда ерекше қайырымдылық жасалады. Осы өзіміздің нақты айғағы ретінде Оразаның соңғы күні облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының тікелей мұрындық болуымен елімізде жүріп жатқан «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында қостанайлық музыкант Ербол Мухиядиновқа 46-шы пәтердің кілті табыс етілді. Ал бұл республикамыздағы көмекке мұқтаж жандарға беріліп отырған 829-шы пәтер.

Жиналған жұртшылықтың алдында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз алып, мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген азаматқа көп болып қолдау көрсетілгендігін айтып өтті. Оның отбасына ырыс-береке, молшылық тіледі.

Пәтер кілтін алып, қуанышқа бөленген Ербол Ишанбекұлы оның жағдайын терең түсініп, дер кезінде көмек қолын созған барша ағайын мен демеушілерге, мешіт қызметкерлеріне дән ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2025 09:12

Жарапазан жыры айтылды

Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті ұжымының ұйытқы болуымен ежелден келе жатқан жарапазан жыры айтылды. Оған имандылық ордасының қызметкерлері, өнер қайраткерлері, ел ағалары мен ақжаулықты аналар қатысты.

Мұндағы мақсат - ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру. Сондықтан алдын-ала тиянақты дайындық жасалғандықтан ол ойдағыдай жүзеге асырылды.

Соңынан аға буын өкілдері бата беріп, апаларымыз шашу шашты. Жоғарыда аталған мешіттің Бас имамы Нұрхан қажы Асанұлы барлық қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«12345678910»
Страница 3 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником