Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Рамазан сыйы» республикалық қайырымдылық марафоны қолға алынды. Осынау игі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Бүкіл республика бойынша 35 мың отбасыға азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Бұл орайда Қостанай өңірінде де ауқымды жұмыстар атқарылып, 1000 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Акция басталмас бұрын жиналғандар алдында облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы мейірімділік, ізгілік және адамгершілік хақында уағыз-насихат айтып, жұртшылықты Рамазан айымен құттықтады.

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде наиб имам Бақытжан қажы Икрам басқаратын Зекет және қайырымдылық қоры, Қостанай қаласындағы үш мешіттің қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен 300 отбасыға азық-түлік себеттері табыс етілді.

Қайырымдылық марафонына мешіт имамдары, демеушілер және жанашыр азаматтар белсене атсалысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 06 Март 2025 14:52

Рамазан айы жайлы сұхбат берді

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының журналисіне сұхбат берді.

Онда белгілі дін қайраткері қасиетті Рамазан айының басталғанын айта келіп, Ораза кімге парыз екендігіне және денсаулықтарына байланысты кімдерге ұстауға болмайтындығына тоқталды. Сондай-ақ оның негізгі шарттары мен мақсаттары жөнінде әңгіме өрбітті.

Сұхбат барысында қойылған сауалдарға орай пітір садақа, фидия туралы және жалпы Рамазан айының тәрбиелік және рухани мәні туралы да нақты мысалдар келтірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Рамазан айының алғашқы күндері Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне арнайы келді. Ол ақшам намазынан кейін ауызашарға қатысып, жамағатқа Оразаның артықшылығы жайлы уағыз-насихат айтты.

Жиында облыстың Бас имамы ауызашардың берілуіне ұйытқы болған Сайым ақсақалдың иығына шапан жауып, қасиетті дінімізге жасап жатқан игі қызметі үшін шынайы алғысын жеткізді.

Өз кезегінде аталмыш мешіттің Бас имамы Дархан Манарбекұлы ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр бойынша Бектұрсын Торғайбайұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айы басталғалы бері жамағатқа тағылым әрі өнегелі болар жарқын істі қолға алды. Күнде таң намазынан кейін имамдар Құранның қазақша аудармасынан бір парадан оқып, оның мағынасын түсіндіруде.

Сондай-ақ, екінді намазынан соң Қарилар жамағатпен бірігіп арабшадан бір пара Құран хатым етуде. Ауызашарға жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін шақырып, қонақтарға ғибратты болу мақсатында белгілі ақындардың өзекті тақырыптарды арқау еткен шығармалары мен өлеңдерінен үзінділер оқытылып, бейнероликтер көрсетілуде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Баршаға мәлім, үстіміздегі жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Осыған орай Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айында шаһардың тазалығына қызмет етіп жатқан “АБЗ+” мекемесінің мамандарына қайырымдылық көмек жасады. Оларға көлемі 100 мың теңге тұратын азық-түлік таратылды.

Соңында имандылық ордасының асханасында ауызашар дастарқаны жайылып, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Жиналғандар ұйымдастырушыларға шынай алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы және қасиетті Рамазан айының құрметіне облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің асханасындағы ауызашар кезінде сұрақ-жауап түріндегі викторина өткізілді.

Бұл тағылымы мол шараны наиб имамдар Нұрлан Сейдағалиев пен Абзал Сұлтанғалиұлы ұйымдастырды. Онда Құран кітабы басшылыққа алынып, жамағатттың діни білімі мен сауатын арттыруға айрықша назар аударылды.

Викторина барысында белсенділік танытқан жамағатқа ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың өмірі арқау болған «Адамзаттың асыл тәжі», Құран және басқа да танымдық кітаптар берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 10:07

10 отбасыға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы басталғалы бері Шоқан қажы Әмірханов басшылық ететін «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында өзгелерге өнеге боларлық ізгі шаралар өткізуде.

Мәселен, Оразаның алғашқы күндері көмекке мұқтаж көп балалы 10 отбасыға азық-түлік тапсырып, олардың ризашылығына бөленді. Шаңырақ иелері демеушілерге өздерінің шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 10:05

Арқалық мешітінде асхана ашылды

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай және қасиетті Рамазан айының қарсаңында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің жанынан асхана ашылды.

Жергілікті халықтың игілігіне берілген орын 900 шаршы метрді құрайды және 500 адамға лайықталған. Осынау алыстан көз тартатын зәулім ғимарат қала әкімі Әмірхан Асановтың бастамасымен әрі демеушілердің көмегімен салынды. Енді мұнда түрлі діни рәсімдер өткізілетін болады.

Асхананың лентасы салтанатты түрде қиылып, қала әкімі осында алғашқы болып өз отбасының атынан жиналған жамағатқа ас берді. Аруақтарға бағышталып құран оқылды.

Аталмыш қала өміріндегі айтулы жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, Аманкелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев және басқа да ел арасында үлкен құрметке бөленген азаматтар қатысып, арқалықтықтардың қуанышына ортақтасты әрі ең ізгі тілектерін білдірді.

Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде асхана құрылысына қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге, жүрегі жомарт жандарға, шаһар басшысы Әмірхан Асановқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Алғыс хаттарды табыс етті. Сондай-ақ бірқатар қомақты үлестерін қосқан кісілердің иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Март 2025 09:59

Тобыл:Дүкенде ішімдік сатылмайды!

Қасиетті Рамазан айында жақсы жаңалық. Тобыл қаласында орналасқан «Радуга» дүкенінің иесі арақ-шарап және темекі сатудан бас тартты. Бұл өзгелерге өнеге боларлықтай мысал.

Сондықтан Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің наиб имамы Ерлан Сыздықов, алқа мүшелері және Сайым ата бастаған қадірменді ақсақалдар жоғарыда аталған сауда орнына арнайы барып, ұжымға Алғыс хатты табыс етті. Осылай қоғамды жаман әдеттен арылтуға ықпалын тигізетін жандардың қатары көбейе түссе, құба-құп.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Рамазан айының келуіне байланысты Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде зум программасы арқылы кеңейтілген жиын болып өтті. Қостанай облысы өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан имамдарына қасиетті Рамазан айына дайындық жағы жан-жақты пысықталды.

Жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген Рамазан жоспары таныстырылып, Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Уәлиев өңірдегі бас имамдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, өкілдіктің әр бағытқа жауапты имамдар баяндама жасап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Мешіттерде тарауих намазының өткізілу тәртібі, жамағатқа уағыз-насихат жұмыстары, ауызашар ұйымдастыру және қайырымдылық шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Санитарлық тазалықты сақтау және келушілерге барынша ыңғайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды.

Берекесі мол қасиетті айды баршамызға ынта-жігермен, белсене атсалысып, жоғарғы деңгейде өткізуді тапсырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«234567891011»
Страница 7 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником