Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
Super User

Super User

Понедельник, 17 Март 2025 09:14

16 отбасына көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айының рухани және тәрбиелік жағынан да берері мол. Әсіресе, мейірімділік пен ізгілікке айрықша көңіл бөлінеді.

Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің жанындағы Бақытжан қажы Икрам басшылық ететін Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері Ораза басталғалы бері қыруар жұмыстар атқарды.

Жуырда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 16 отбасыға азық-түлік табыс етілді. Олар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 14 Март 2025 16:30

Қамыстыдағы салауатты кеш

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Қамысты ауданының 70 жылдығы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына арналған тынымдық-тағылымдық жағы мол салауатты жиынға қатысты.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ерлан Әлімбайұлымен кездесіп, жергілікті мешіттің қалыптасқан хал-ахуалын әңгімелеп, талқылады. Көршілес аудандардан келген әріптестерімен бірге орталық музейдегі құнды жәдігерлерді көзбен көріп, ауданның өткен тарихына назар аударды.

Сапар барысында Қамыстыдағы ақсақалдар алқасы кеңесінің мүшелерімен де жүздесті. Сонымен қатар өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Жұртшылықты Қасиетті Рамазан айы және алдағы дәстүрге айналған Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Кешкі ауызашарда Бас имам уағыз-насихат айтты. Оның ұлағатты да ой салар сөздерін жамағат ұйып тыңдады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 14 Март 2025 09:16

Балаларға қуаныш сыйлады

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық акцияларын өткізуге айрықша назар аударылуда. Соның бір жарқын көрінісі ретінде Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті жанындағы Бақытжан Икрам басқаратын Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері есте қаларлықтай шара ұйымдастырды.

Осы ізгілік мақсатқа арналған жиында наиб имам Әлішер Балахмет кәмелетке толмаған бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балаларды Оразамен құттықтады. Оларға арнайы дастархан жайылып, ыстық тамақ беріліп, тәттілер таратылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің қызметкерлері Рамазан айы басталғаннан бері талай ұлағатты жиындар ұйымдастырып, халықтың тарапынан ыстық ықыласқа бөленуде.

Мәселен, ұстаз Гүлдананың жетекшілігімен Оразаның құрметіне әйелдер жамағаты Құран Кәрімді күнделікті бір парадан хатым жасап, өздерінің Ислам дініне деген құлшыныстарын танытуда.

Бас имам Дархан Сыздықов осынау Ораза барысында басқа да танымдық жағы мол шаралардың тиісті деңгейде өткізілуін тұрақты назарда ұстауда.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 13 Март 2025 14:55

Қайырымдылық көмек көрсетілді

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің үжымы әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Оларға күнделікті тұтынатын азық-түлік табыс етілді.

Бас имам Шоқан қажы Әмірхановтың айтуына қарағанда, қасиетті Рамазан айының соңына дейін көп балалы және басқа да қолдауға зәру 90 отбасы қамқорлыққа алынады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің 2 курстағы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алып жатқан жастармен кездесіп, ақпараттық түсіндіру насихатын жүргізді. Кездесу мақсаты – жастар арасында жат ағымдардың зияны турасында жан-жақты түсінік беру.

Сонымен қатар қоғамда белең алған қатыгездік, мейірімсіздік сияқты жағдайлардың алдын алу үшін ихсан ілімі, рухани тәрбие негіздерін студенттерге баяндап берді. Біздің әр ісімізді Алла үнемі көріп-бақылаушы деген сенімнің аса қажеттілігін ұғындырды.

Қазақтың ұлттық құндылығы – салт-дәстүрде, мәдениеті мен ата дініміз Исламда екенін түсіндірді. Жан-жақты білімді, рухани кемел адам ғана түрлі жат ағымдардың жетегінде адаспайды, әркімнің соңына ілесіп кетпейді дей келе ұлттық тәрбие хақында да тұщымды ой қозғады. Насихат соңында халқымыздың салт-дәстүрлері жайлы сауалдарға нақты жауап берген студенттерге танымдық-тағылымдық жағы мол «Рухани діңгек», «Рамазанға қатысты 200 сұрақ», «Төртеу түгел болса» деп аталатын кітаптарды сыйға тартты.

Среда, 12 Март 2025 16:13

Рамазан айымен құттықтады

Облыс орталығын жыл он екі ай айнадай жарқыратып таза ұстау оңай емес. Оған жұмысшылар қауымы жауынды-шашынды, қарлы-боранды күндері уақытпен санаспай өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.

Міне, қарапайым еңбек адамдарын қадірлеп, ілтипат көрсетуді Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы басты парызымыз деп есептейді. Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде олар таяуда қала тазалығын сақтауға тікелей атсалысып жүрген жұмысшыларға арнайы барып, құрмет көрсетті.

Оларды Рамазан айымен құттықтап, 120 мың теңгенің азық-түлігін табыс етті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 11 Март 2025 14:39

Көрші отбасыларға құрмет

Атамыз қазақ ежелден көрші ұғымына айрықша көңіл бөлген. «Көрші ақысы - тәңір ақысы» деген де бар. Сондықтан бауырларымыз үй таңдамас бұрын көршілеріне ерекше назар аударған.

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің Бас имамы Шоқан қажы Әмірхановтың бастамасымен іргелес тұратын және көптен бері бір-бірімен сыйласатын он отбасыға “Рамазан құтты болсын” деген ең ізгі тілек айтылып, «Ораза айының шашуы» табыс етілді.

Көршілер өздеріне тапсырылған сый-сияпатқа дән риза болысып, шын жүректен шыққан шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін Қостанай қаласының орталық көшелерінде жарапазан жыры айтылды. Оның мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, жас ұрпақ жадына қайта жаңғырту.

Дәстүрлі игі шараға мешіт имамдары, өнерпаздар, көпшілік жамағат, әже-апаларымыз қатысты.

Жарапазан «Жә-Рамазан», «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Бұрын жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған. Қазіргі кезде ол қайтадан қолға алынып жатыр.

Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрі. Жарапазан - адамгершілікті, имандылық пен адалдықты, оразаны дәріптейді. Ел тұрғындарын бірлікке, ынтымаққа шақыратын дәстүр.

Аталмыш тағылымы мол рухани шарадан соң облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы барша қатысушыларға дән ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Рамазан айында өзгелерге үлгі боларлық қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Онда жүрегі жомарт жандардың демеушілігімен бүлдіршіндерге “Рамазан тәттісі” қоржыны табыс етілді.

Мұндай сый-сыяпатқа кенелген балалардың қуанышында шек болған жоқ. Аталмыш имандылық ордасының қызметкерлері қасиетті Оразада осындай шапағаты мол акцияларды өткізуді жалғастыра бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«12345678910»
Страница 6 из 213

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником