Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Әйгерім

Сұрағы:

Рәжәб айы Қашан?

Жауап:

Уаалайкум ассалам! Биыл қасиетті Рәжәб айы 29-наурыздан басталады. Бұл Рәжәб айының өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Айларды Алла Тағала Құран Кәрімде былайша баяндайды:

(إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِنْدَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ)

«Расында Алланың хұзырында көктер мен жерді жаратқаннан бері Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі - құрметті айлар» («Тәубе сүресі», 36). Сондай-ақ, тағы бір аятта Алла тағала:

(يَسْأَلُونَكَ عَنِ الشَّهْرِ الْحَرَامِ قِتَالٍ فِيهِ ۖ قُلْ قِتَالٌ فِيهِ كَبِيرٌ ۖ)

«Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? - деп сұрайды. Сен оларға бұл айда соғысу - үлкен күнә», - де» («Бақара» сүресі, 217-аят), - дейді. Осылайша, Құранда он екі ай аталып, оның төртеуі зул-қағда, зул-хиджа, мұхаррам және Рәжәбтің құрметті айлар екендігі ескертілген.

Осы төрт құрметті айдың бірі - Рәжәб айы. Қасиетті рәжәб айында әрбір мұсылман пенде дұға, мінәжәтін күшейтіп Жаратушы Иемізді ұлықтап, пәктеуді көбейтуі қажет.

«Рәжәб» сөзі араб тіліндегі «ражаба», яғни ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Бұл айда тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол төгіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Жәннатта сүттен ақ, балдан тәтті бір өзен бар. Ол - рәжәб деп аталады. Кімде-кім, рәжәб айында ораза ұстаса, Алла Тағала сол өзеннен су ішкізеді», - дейді.

Ханафи мазхабы ғұламарының басым көпшілігі, Режеп айын толық оразамен өткізген абзал деп санайды. Алайда толық ұстауға шамасы келмейтін кісілер, Режеп айының белгі бір күндерін (айдың басныда, ортасында және аяғында үш күн) ғана оразамен өткізсе де болады.

Ханафи мазхабының атақты «Фәтауә әл-Хиндийя» (1\202) еңбегінде былай деп айтылған: «Ұсталуы абзал болған оразалардың бірнеше түрі бар: солардың алғашқысы – Мұхаррам айындағы, екіншісі – Режеп айындағы, үшіншісі – Шағбан айындағы мен Ашура күнінде ұсталатын оразалар».

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником