Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Жасулан

Сұрағы:

Әссәләмуалайкум ! Менің де қояр сұрағым сүндеттеу жайында. Баланы қай жастан бастап сүндетке отырғызған дұрыс болып саналады жане аралары 1-ақ жас екі баланы бірге сүндеттеуге болады ма?

Жауап:

Уаалайкум ассалам! Сүндетке отыру адамның өз табиғатына сай жасалуы қажет істердің қатарынан саналады. Адамның табиғи қажеттіліктеріне ауызды сумен шаю, мұрынға су тартып тазалау, мұртты басу, тырнақ алу, қолтықтағы, шаттағы қылдарды тазарту және сүндетке отыру жатады (Бухари. Либас, 51, 63, 64; Муслим. Тахара, 49; Әбу Дәуіт, Тәрәжжул, 16; Тирмизи, Әдәб, 14)

Имам Бухариде Ибрахим пайғамбардың сексен жасында Қудумда (Сириядағы бір жер атауы) немесе қудуммен (ағаш ұсталары қолданатын құрал) сүндеттелгендігі риуаят етілген (Бухари. Әнбия, 11). Ұсайм ибн Кәлибтің әкесінен, оның атасынан жеткізген риуаят бойынша атасы былай деген екен: «Пайғамбарымызға келіп исламды қабылдадым. Сол кезде Пайғамбарымыз «Бойыңдағы күпірліктің белгісі болып табылатын қылдарыңды тазал және сүндеттел» деді» (Ахмад Ибн Ханбал, 3/415; Әбу Дәуіт, Тахара, 129). Имам Зухри арқылы келген «Кім исламға кірсе, кәрі де болса сүндетелсін» деген мәндегі хадис те осыны қуаттауда.

Еркектер үшін сүндеттелу ханафи мәзһабы бойынша сүннет саналады (У. Әз-Зуһайли, Фиқһу әл-ислами уә әдиллатуһу, 1/306-307). Алайда ханафилер мұны азан секілді исламның негізгі ерекшеліктерінің бірі деп санап, оны көпшіліктің орындамауына рұқсат берілмейтіндігін айтқан. Сонымен қатар Хасан әл-Басри Пайғамбарымыздың басқа ұлт өкілдерінің өзіне келіп мұсылмандықты қабылдағандықтарын айтқан кезде олардың сүндеттеліп, сүндеттелмегендігін сұрасытырып жатпағандығын айтқан. Десе де кейбір ғалымдар мұның мақсатын былайша түсіндірген. Пайғамбарымыз өзге ұлттардан мұсылмандықты қабылдағандардың жеке өміріне қатысты мәліметтерді сұрап жатпаған. Сол кезде ол қоғамда июдейлер мен арабтардың барлығы сүндеттелетіндіктен, мұсылмандықты қабылдаған өзге ұлттар кейін сүндетке отыратын болған. Ахмад ибн Ханбал жасы келіп қалған адамдардың сүндеттелуі денсаулықтарына зиян келтіретін жағдайда, сүндетке отырғызылмайтындығын айтқан.

Жалпы алғанда қазіргі таңда сүндеттелудің денсаулық тұрғысынан өте пайдалы екендігі медицина тұрғысынан жан-жақты дәлелденіп жатқандығы ақиқат. Сонымен қатар ислам құқығы саласындағы белді ғалымдар сүндеттелудің жасалуы қажетті шаралардың бірі болу себебін былайша түсіндірген екен. Сүндеттелмеген кісінің дәріте мен намазында қауіп бар. Неге десеңіз кесілмей қалған тері еркектік мүшенің бас жағын түгел жауып тұрғандықтан зәр оның астында қалып қойғандықтан оны тазалау қиындық туғызады. Мұндай жағдайда тазалықтың дұрыстығы тек сүндеттелу арқылы жүзеге асады. Сондықтан да алғашқы және кейінгі кезең ғұламалары сүндеттелмеген адамның имамдыққа өтуін құптамай, оған тыйым салған. Ал жеке өзі оқыған намаздарын үнемі зәрі шығып кете беретін үзірлі адамның жағдайына теңестірген.

Мұсылман ғалымдары ер баланың сүндетке отыруы, жеті күннен бастап, балиғат жасына (13 жас шамамен) толғанға дейінгі кезеңде жүзеге асатындығын айтқан. Ал аралары 1-ақ жас айырмашылығы бар екі баланы бірге сүндеттеуге болады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником