Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Ақмарал

Сұрағы:

Салеметсиздер ме! Мені толғандыратын мынандай сұрақ бар еді. Менің балам сүндеттеліп туылды. Оны көрген адамның барлығы оны сүндеттемей-ақ коюға болады деді. Біз көп ойландық, біраз адамдардан сұрадық. Мардымды жауап таппаған соң, осыдан 3 жыл бұрын баламызды сүндетке отырғыздық. Біз күна жасадық па, әлде дұрыс жасадық па? Әлі күнге дейін мені осы сұрақ мазалайды. АЛЛА сіздерге разы болсын!?

Жауап:

Уаалайкум ассалам! Сүндетке отыру – белгілі сүннеттердің бірі. Қазіргі кезде мұны білмейтін мұсылман жоқ деуге де болады. Сүндетке отыру Исламның белгілерінен болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Сүндетке отыру еркектер үшін сүннет» (Табарани). «Адамның болмысынан болып есептелетін сүннеттер бесеу: Сүндетке отыру, шапты тазалау, тырнақ қырқу, қолтық астын тазалау және мұртты қысқарту» (Бұхари).

«Ибрахим алейһиссалам 80 жасында (сүннет әмірі келген кезде кешіктірмеу үшін) балтамен өзін сүндеттеді» (Бұхари).

«Сүндетсіз адам 80 жасында болса да, мұсылман болған кезде сүндетке отырғызылады» (Бәйһақи).

«Расулуллаһ мұсылман болған еркекке 80 жасында болса да сүндетке отыруын әмір ететін еді» (Табарани)

Балалардың сүндетке отыруын да осы сүннетке жатқызған. Бұл сүннетке арабшада ختان «хитан» делінеді. Сүндетке отыру Исламның белгілерінен болғандықтан, ақылы кірген, балиғатқа толғандарды сүндетке отырғызу қажет.

Иманға келген кәрі адамның сүндетке отыруы шарт емес. Себебі мүлдем сүндетке отырмаса да болады деген мүжтәһид ғалымдар болған.

«Мұсылман болған қарт ер кісі және науқастар сүндеттеудің машақатына шыдай алмаса, сүндетке отырмайды» (Хадиқа). Баланы сүндетке отырғызудың белгілі бір жасы жоқ.

Медицина ғылымында дәлелденгендей, сүндетке отырмағандарда әртүрлі ауруларға шалдығады.

Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сондықтан ең маңызды болған нәрсе, балаңыздың жыныс мүшесіндегі артық терінің кесілуі. Сол үшін шариғат бойынша сүндеттеліп туылған баланы екінші мәрте сүндеттеу күнәлі іске жатпайды. Керісінше сіз сауапты амалды жаңғыртқан болып есептелесіз. Болашақта біліп жүру үшін айтылатын нәрсе, егер сүндеттеліп туылған баланың жыныс мүшесіндегі артық тері шынымен кесіліп туылған болса, яғни сүндетке отырғызылған кісінікіндей қалыпта болатын болса, онда сүндеттеу амалын қайта жасау қажет емес. Ал егер, сүндеттеліп туылған баланың жыныс мүшесіндегі артық терісі әлі де бар бололатын болса, онда сүндеттеу амалын қайта жасау қажет.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником