Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Дамир

Сұрағы:

Ассалам уалейкум! Сіздерге неке қию жөнінде сұрақ жіберіп едім, жеткенін не болмаса жетпегенін білмедім, сондықтан қайталайын. 1. Мешітте неке қиюдың талаптары мен шарттарын білейін деген едім (қандай құжаттар қажет, ақшалай құны қанша т.б.). 2. Бұл менің екінші некеге тұруым, бірінші рет ресми үйленіп ажырасқам, осы өткен кезеңім неке қиюға қандай-да бір кедергі туғызады ма? 3. Алдымен мешітте неке қидырып содан кейін ғана барып ресми тіркеуге тұрсақ болады ма? жауабыңызды күтудемін, рахмет.

Жауап:

Уаъалайкум ассалам!

1 .Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде неке қию үшін алдымен алдын-ала бірнеше апта не бірнеше күн бұрын кеңсе бөлмесіне келіп, неке қидыруға ниет білдіріп отырғандарыңызды және қай күні өткізілетінін ескертіп, нақтылап арнайы тіркеу кітапшасына жазыласыздар. Өздеріңізбен болашақ жұбайыңыздың және өзіңіздің жеке куәліктеріңіздің көшірмесін алып келіп, неке бланкын үлгіге қарап толтырасыздар. Сонымен қатар некелеріңізге куәгер болатын екі ер немесе бір ер екі әйел кісіні тағайындап аты-жөндерін куәлік бойынша нақтылап біліп алыңыздар. Жалпы неке рәсімін өткізу тегін, бірақ сіздерге естелік ретінде берілетін неке куәлігі ақылы, құны 5000 теңге.

2. Бірінші әйеліңізбен ресми ажырассаңыз, екінші некеге еш кедергісі жоқ. Алайда шариғат бойынша ажырасу талақ сөзін бірінші әйеліңізге үш мәрте айтыңыз. Осылайша шариғат бойынша бірінші әйеліңізбен ажырасқан боласыз.

3. Егер алайын деп жатқан қыздың әке-шешесі сіздердің үйленіп жатқандарыңызға қарсылықтары болмаса, онда ресми тіркеуден бұрын мешітте неке қиюға болады. Алайда қазіргі уақытта кейбір жастар қыз баланың әке-шешесінің рұқсатынсыз үйленіп жатқан жәйттар көбейіп кеткен соң, мешітте неке қиюға келушілерден АХАЖ (ЗАГС) құжатын сұратады.

Сұрағыңызға рахмет!

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником