Сұрағы:
Әссаляму алейкум! Сіздерге қояр сұрағым, нашидтар тындауға болады ма және кімді тыңдауға болады?
Жауап:
Уаъалайкум ассалам! Нашидтарды тындауға болады. Дегенмен бір күндік уақыттың бәрін нашидтар тындаумен өткізуге болмайды. Сонымен қатар нашидтар тындау, сіздің Алла Тағалаға ұнамды істерді (намаз оқу, Құран оқу, білім іздену сияқты т.б.) орындаудан қалдырмауы тиіс. Яғни, әр нәрсе өз орнымен болғаны ләзім. Ал тындауға келгенде Сами Юсуфтың, Махир Зейнның және Мишари Рашидтың нашидтарын тыңдауды ұсынамын. Сұрағыңызға рахмет!