Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Жакслыков Болат Балдырганович

Сұрағы:

Ассаламуғалеику м уә рахматуллахи уә баракатуху менің сұрағым мешіттің ішінде жаназа намазын оқуға болады ма? Рахмет!

Жауап:

Уа алайкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Сұрағыңызға рахмет. Жаназа намазының мешітте оқылуы ханафи мазһабында мәкрүһ танзиһан (адалға жақын), яғни мешіттің ішіне мәйітті қойып тұрып, жаназа намазын оқу ұнамсыз, жеккөрілген іс. Сонымен қатар ханафи мазһабында жаназа намазының мешітте оқылуына байланысты ғұламаларымыздың макруһ тахриман (харамға жақын) деген пікірлері де бар.

Имам Тахауидің «Мағанил әсәр» кітабында, Әбу Дәудтің «Сунанында» (3/182) Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың:

(مَنْ صَلَّى عَلَى جَنَازَةٍ فِي الْمَسْجِدِ فَلَا شَيْءَ له)

«Мешітте жаназа намазын оқыған кісіге, еш нәрсе жоқ»,-деді деген хасан хадисі дәлелге алынып, барлық жағдайда да жаназа намазының мешітте оқылуы мәкрүһ саналады. Сондай-ақ ибн Әбу Шайба «әл-Мусаннафында» (3/364) Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің:

(مَنْ صَلَّى عَلَى جَنَازَةٍ فِي الْمَسْجِدِ فَلَا صَلَاةَ لَه)

«Кім жаназа намазын мешітте оқыса, оның намазы жоқ», - деп айтқанын риуаят еткен.

Абдулла ибн аз-Зубайрдың (Алла оған разы болсын): «Айша анамыз Сад ибн Әби Уаққостың (р.а) жаназасын мешітке апарылуын бұйырғанда адамдар Айшанаың (р.а.) бұл ісін теріс көрген еді. Сонда Айша: «Адамдар қалайша тез ұмытады. Алла елшісі (с.ғ.с.) Суһайл ибн әл-Байдоның жаназасын мешіттен басқа жерде оқымаған еді ғой», - деді деп айтқан.

Имам Тахауи (р.а.) осы хадистерге байланысты былай деген: «Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткен хадисі Айша (р.а.) анамыздың риуаят еткен хадисінен дәлелдік жағынан күштірек. Себебі Айша (р.а.) анамыздың риуаяты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рұқсат ету ісін баяндауда, ал Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткен хадисі болса, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) тиым салу ісін хабарлайды. Сондықтан, усул фиқһ саласының мамандарының бекіткен қағидасы бойынша, тыйым салуға қатысты дәлел қашанда рұқсат етуге байланысты дәлелден алдын тұрады. Осылайша, Әбу Һурайраның (р.а.) риуаят еткен хадисі Айша (р.а.) анамыздың риуаят еткен хадисінің үкімін жоюшы (насих) болады да мықтырақ дәлелге айналады».

Сонымен қатар Айша (р.а.) анамыздан жеткен бұл хадиске келер болсақ, оның заманында муһажирлер мен ансарлар оның бұл ісін теріс көрген. Егер олардың ұстанымдарында бұл іс мәкрүһ болмаса, Айшаның (р.а.) ісін айыпқа бұйырмас еді. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисті былайша түсіндіруге болады: Пайғамбар (с.ғ.с.) ол уақытта мешітте иғтикафта болып, сыртқа шығуы мүмкін емес еді. Сондықтан ол мәйітті мешіттің сыртына қойдырып, өзі жаназа намазын мешіттің ішінде тұрып оқыған. Сондай-ақ бізде мәйіт мешіттің сыртына қойылып, ал жамағат іште тұрып жаназа оқу мәкрүһ емес. Мәкрүһ үкімі тек – мәйіттің мешіт ішіне кіргізілуімен ғана байланысты.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником