Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Сауле

Сұрағы:

Ассалам-Алейкум уа рахматуллуһи уа баракатуһу! Менің жасым отыздың маңайы, байға шаққан емеспін. Отау құрмай, үйленбей қалсам келешекте жалғыз қалмауға бала тауып алсам бола ма? Осы жағдайды ашып айтып ауап беріңізші.

Жауап:

Уағалайкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Қойған сұрағыңыз үшін рахмет. Сіз шариғат талабы бойынша өзіңіз таңдаған ер кісімен некелесу арқылы күйеуге шығып, Алланың нәсіп етуімен нәресте туып алсаңыз болады. Ал шариғат заңы бойынша некелеспестен, бала табу ниетімен бөтен еркекпен төсек қатынасына түсуге болмайды. Бұған Ислам шариғаты үзілді-кесілді тыйым салады. Ең бастысы денсаулығыңыз бала көтеруге жарамды болса болғаны. Жалғыздық тек Алла Тағалаға жарасатындығы есіңізде болсын. Алла Тағала барлық жаратылысты жұп етіп жаратқандықтан, барынша өзіңізге тең келетін күйеу табуға тырысуыңыз қажет. Себебі адам баласының табиғаты жан серігімен бірлесе өмір сүруге бейім етіп жаратылған. Сонымен қатар бүл дүниеде мәңгі еш нәрсе жоқ, сол үшін кәріліктің келетіндігін, бойдағы қуаттың, сұлулықтың кететіндігін ұмытпаған жөн. Осы шаққа жеткенде әр адамның жанында серігі, жұбанышы, жанашыры болғанға не жетсін. Сол үшін тұрмыс құру Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бекітіп кеткен сара жолы, сүннеті. Отбасы құрудың, бала сүйудің артықшылығы жөнінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мүбарак хадис шәрифтері өте көп. Сол хадистердің бірінде Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Адам баласын үш нәрсе бақытқа жетелейді: Жақсы көлік, жақсы әйел және кең үй». Себебі ертен, сіз әйел болу, ана болу бақытына жете алмағандығыңызға әбден өкініп қалуыңыз мүмкін. Сол үшін мүмкіншілігіңіз бар болып тұрған уақытта, тез-арада өзіңіздің талғамыңызға сай келетін ер кісіні тауып, Ислам шариғаты бойынша некелесіп отау құрыңыз! Алла Тағала болашақта сізге жақсы жар тауып отбасы құруды және сол таңдаған жолдасыңызбен жақсы салиқалы перзент сүйуді, бақытты ғұмыр кешуді нәсіп етсін.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником