Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Қамқор - Шарапат» саллтық қызмет көрсету орталығы құрылғаннан бері бірқатар игі бастамаларға ұйытқы болып келеді.
Осы мамыр айының соңғы күндері олардың ұйымдастыруымен бүкіл елімізде зираттарды қоқыстардан тазалау мақсатында жұмыс атқарылды. Бұл бастаманы Қостанай өңіріндегі мешіт имамдары мен жамағатта да қолдады.
Міне, мұндай ұйымшылдықтың арқасында барлық зираттар қалыппа келтіріліп, барша жүрегінде иманы бар кісілер көпшіліктің алғысына бөленді.
Мәселен, Арқалық, Рудный қалалары мен Сарыкөл, Амангелді, Мендіқара аудандарындағы мешіт имамдары зиратты тазалау акциясына белсене қатысқан жамағаттарға түскі ас пен моншаға түсу мәселесін қолға алды.
Жалпы облыстағы дін қызметкерлері «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қағиданы ерік ұстанып отырғаны баршаны да шексіз қуанышқа бөлейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі