Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде «Арқалық қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мекемесіндегі бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.
Бас имам Дархан Қосылбаев бастаған мешіт ұжымы ондаңы тәрбиеленіп жатқан 50 балаларға ішіне тәтті тағамдар салынған 50 пакетті тапсырды.
Еліміздегі есте қаларлық мерекелерді өз деңгейінде өткізуді өзінің азаматтық парызы санайтын мешіт мекеме қызметкерлерінің алғыстары шексіз.
«Мынау тіршілікте балдырғандардың жүзінен қуаныш нышанын көруден асқан бақыт жоқ. Ал балалар қолдарына сыйлықты алған кездеріндегі сәтті тілмен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жағасын табатын болады» дейді Дархан имам.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі