Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және наиб имам Әлішер Ертайұлы Мендіқара ауданында арнайы іс сапарда болды. Бас имам алдымен аудан әкімі Нұрлан Жеңісұлымен кездесіп, мешіт жанынан асхана құрылысының салыну жоспарымен танысты. Өңірдегі діни ахуалдың жай-жапсары жайлы тілге тиек етті.
Сондай-ақ, осы сапар барысында облыстың Бас имамы Бахытбек Тәжімбет республикаға белгілі Мұхамеджан Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығының ұжымымен жүздесті. Онда Ислам дінінің өткен кезеңдегі тарихы, оның мәні мен мақсатына жан-жақты тоқталды.
Ал Әлішер Балахмет өзекті мәселелер бойынша Меңдіқара аудандық әскери комиссариат қызметкерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Сонымен қатар «Халал даму» саласы бойынша Әлішер Ертайұлы аталмыш аудандағы нан өнімдерін шығаратын наубайхананың тыныс- тіршілігімен танысып, сертификат алушыларға қойылатын талаптары жөнінде түсіндірді.
Жалпы, осы жолғы дін қайраткерлерінің Меңдіқара ауданындағы сапары өте әсерлі өтті. Көкейде жүрген маңызды жайлар ортаға салынып, алдағы жүзеге асырылатын мәселелер айқындалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі