Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
29 01.19

Жітіқарадағы рухани кеш

Ұлы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) туған күніне арналған рухани танымдық кеш Жітіқара қаласындағы Мәдениет үйінде болып, оған күннің салқындығына қарамастан халық көп жиналды.

Осынау игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және қала, аудан мешітерінің бас имамдары қатысты.

Игі іс-шара пайғамбарымыздың дүниеге келуін насихаттайтын «Мәуліт сүйінші» атты бейнероликті көрсетуден басталды. Облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы құран оқып, дұға жасады.

Одан кейін облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы уағыз-насихат айтты. «Ержан Тәтішев» мешітіне белсенді көмек көрсетіп жатқан кісілерді өкіл имам марапаттады.

Сондай-ақ аталмыш басқосуда жиналған қауым Жітіқара қаласына арнайы келген ақындардың айтысын тамашалады. Онда өңір мақтанышы Айбек Қалиев пен Мамай Ізтелеуов тұшымды жырларымен баршаны тәнті етті.

Аудан әкімі атынан оның орынбасары Сәлім Нұрланұлы жұртшылықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, қазақтың салты бойынша айтыскерлердің иығына шапан жапты.

Арқалық қаласынан келген жас әнші Дінмұхамед Торғайбай діни илаһи орындаса, аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері «Қарттар үйі» атты тағылымы мол қойылым көрсетті.

Сонымен қатар, діни термелер де орындалды. Жітіқара ауданының бас имамы Мейіржан Қапарұлы айтулы мейрамды ұйымдастыруға атсалысқан барша қауымға шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ іс-шара соңында жамағатқа дастарқан жайылды.

ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Рудный: «Садақа – береке кілті»
келесі жаңалық
Рудный: Колледждегі ата-аналар жиналысы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником