Қасиетті Жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде тағы бір берекелі іс-шара ұйымдастырылды. Айтап айтар болсақ Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлірі қаламыздың бір қатар жомарт жандарынмен бірлесе отырып жұма намызына келген жамағатқа ас таратты, сондай-ақ мешіттің ақсақалдарына дастархан жайып үлкендердің батасын алды.
«Садақа – береке кілті» дегендей, адал тапқан нәпақасынан қайырымдылық жолына жұмсап, халыққа ас беріп, жұмыстарына береке тілеген кәсіпкерлер, алдағы уақытта да мешіт қызметкерлермен тығыз байланыста болып осындай қайырымдылық іс-шараларына өз септіктерін тигізетінін сөз етті.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады». Сондықтанда осындай Алла жолына жасалған қайырымдылық пенденің рыздығын асырып, жұмысының берекесін арттырады.
Бүгінгі болған шараға барша жамағат өз разылықтарын білдіріп, жоғары буын ақсақалдарымыз өздерінің батасын беріп, елімізге береке мен бірлік тіледі.
ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі