Осы тақырыппен «Қостанай» телеарнасының «Ақ Орамал» ұлтық-рухани хабарында кеңінен талқыланды. Хабарға Қостанай облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет Ертайұлы, АХАЖ бөлімінің бас маманы Тұрсынкүл Аймұхамбетова Сапабекқызы, парапсихолог Айсұлу Жақанова, телеарнаның «Күн шауақ» бағдарламасының жүргізушісі Шахерезада және оның анасы Гүлнұр Исламхан қатысты.
Бағдарлама барысында: Қазақ халқы, жалпы мұсылман қауымы баласына ат қоярда сақтықпен қараған. Өйткені есімге сай оған жүктелетін жауапкершілікті де ойлап, ырымдаған. Ырымның қадірін кетмеудің де маңызды екендігі талқыланды.
Сондай-ақ наиб имам Әлішер Ертайұлына да біраз мұсылман қауымын толғандырып жүрген сауалдар қойылды. Мысалы, «Азан шақырып ат қоюдың маңызы қандай?», «Туған сәбиге қашан ат қойылады?», «Нәрестеге ат қоюға кім құқылы?» т.б. сауалдарға наиб имам нақты да толық жауап берді.
Осылайша «Ақ орамал» бағдарламасының көрермендері өздеріне үлкен мәлімет алып, хабардың қонақтарына шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі