Жуырда Қостанай облысының Денисов аудандық «Жұма» мешітінің бас имамы Болатжан Ғалымжанұлының ұйымдастыруымен аудандық №3 қазақ орта мектебінде тағылымды шара өтті.
Бұл пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айы құрметіне оқушылар арасындағы «Менің сүйікті пайғамбарым» деп аталатын шығармашылық сайыс еді.
Оған аталмыш мектептің 9-11-ші сыныптарының оқушылары қатысты. Бас имам жастарға сәттілік тілеп, білім жолындағы ізденістерінің жемісті болуына тілектес екендігін білдірді.
Аталмыш сайысқа қатысқандар арасында Зарина Успанова, Жадыра Астаева және Ерлан Исмағұлов үздік шығып, оларға мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай жарыстардың қатысушыларға берері мол. Өйткені, үнемі ізденеді. Олар талапкерді тек қана алға жетелейді. Осы сайыс та соны көрсетті.
ҚМДБ-ның Қостанайц облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі