Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы М.Қапарұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Актаеваменбірге Приречное ауылының мал шаруашылығы саласындағымамандарменқазіргі таңдағы аса өзекті жат ағымдардың алдын алу жөнінде әңгіме өткізді.
Бас имам өз сөзінде: «Қазіргі уақытты жат пиғылды діни ағымдар белсенді жұмыс жасап отыр. Қоғамда біз діни имммунитет қалыптастыруымыз керек, сондай ақ діни сауатты ҚМДБ бекіткен діни мамандардан алуымыз керек» деді.
Осындай маңызды кездесу Львов ауылының тұрғындарымен жалғасын тапты. Дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтары және деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі жайында айтылды.
Тұрғындар тарапынан қойылған діни тақырыптағы сауалдарға тұшымды жауап берілді. Жиналған қауым осындай аса қажетті игі іс шараларды ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Актаеваға шынайы алғыстарын білдірді.
Мұндай қос кездесу көпшілікке үлкен ой салды. Жүздесулердің жақсы әсер қалдырғандығы анық.