Қостанай облысының ЖАНТ мүшелері Б. Уәлиев, С. Есмурзин, А. Бейсекеев, Н. Сейдағалиев іс-сапармен Денисов ауданында болды. Олар жұмыс барысында «Қоғамда экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс - қимыл» атты семинарға қатысты.
Сондай-ақ олар мекемелерді аралап, жұртшылыққа қазіргі таңда діндегі өзекті мәселелер туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жасады. Мәселен, белгілі дін қайраткерлері жиналған қауым мен мектеп оқушыларына қазіргі таңда діни сауаттылықтың маңызы және деструктивті діни ағымдардан сақтану жөнінде әңгімеледі.
Басқосуларда «Басты тақырып бала тәрбиесі» хақында тілге тиек етті. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздардың қойған сұрақтарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі