Өткен қасиетті жұма күні Қостанай облысының Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітіне Бас имам болып осыған дейін он жыл облыстық мешітте найб имам қызметін атқарған Сыздықов Дархан Манарбекұлы тағайындалды.
Сонымен қатар Жітіқара ауданының «Ержан Тәтішев» мешітіне де Бас имамдыққа Қабиев Айбек Аманқосұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қос имам да Алматыдағы «Нұр - Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлектері. Болашағынан үлкен үміт күттіретін мамандар.
Ал осыған дейін «Ержан Тәтішев» мешітінде абыроймен басқарған Мейіржан Қапарұлы Бердіғожин Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітіне найб имам болып бекітілді.
Біз білімді азаматтарға жаңа жауапты қызметтерінде табыс тілейміз. Әріптестеріміз әрдайым биіктен көрініп, халықтың құрметіне бөленетіндіктеріне нық сенімдіміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі