Қостанай облыстық мешітіндегі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт айы» деген тақырыпта басқосу болып өтті.
Яғни мұсылман жыл санауы бойынша үстіміздегі ай «Рабиғул әууал» Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған мәуліт айы.
Осы орайда ұстах Халим Жансая келгендерге Пайғамбарымыз туралы мағыналы ғұмыры жайында тағылымды уағыз айтты. Жиынға қатысушылар оны аса зейін қойып тыңдады.
Әңгіме дастарқан басында одан әрі жалғасты. Мұнда Құран және салауат оқылды. Басқосудан алған әсер ұмытылмастай болды. Әрбір адамға естелік сыйлықтар таратылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі