Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имам Дархан Манарбекұлы ұжымымен ауданға қарасты Владимиров ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
Басқосуда Дархан Манарбекұлы «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбында уағыз-насихат айтса, найб имам Азамат Серікбайұлы көпшілікке оны орыс тілінде жеткізді.
Іс-шара соңында жергілікті азаматтардың көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі