Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен наиб имамдар Ерлан Сыздықов пен Темірлан Бақай облыс орталығындағы индустриалдық колледждің студенттерімен «Білім алу-әрбір мұсылманға парыз» деген тақырыпта кездесу өткізді.
Білім ордасының орыс бөлімінде оқып жатқан шәкірттерге түсінікті болу үшін Темірлан Бақай сол тілде дәріс оқып, көп жайдан хабардар етті.
Жалпы, жастар мешіт қызметкерлерінің ғибратты әңгімелерін ұйып тыңдады. Өздерін толғандырып жүрген сауалдарға толыққанды жауап алды. Наиб имамдарға шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі