Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет іс-сапармен Әулиекөл ауданына атбасын тіреді. Ол жергілікті «Әмит ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлымен бірге аудан әкімі Ерлан Теменовтың кездесті.
Бахытбек Нұрғабылұлы аудан басшысымен кездесуде елдегі діни ахуал жайлы айта келіп, Әулиекөлдегі салынып жатқан мешіт құрылысы жөнінде тілге тиек етті.
Жүздесу іскерлік жағдайда өтті. Бас имам содан кейін ауданға қарасты бірқатар оқу орындары мен мекемелерде ұйымдастырылған жиындарға қатысып, маңызды тақырыптар бойынша әңгіме өрбітті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі