Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Әулиекөл ауданында болғанда осындағы техникалық колледж және өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен кездесті.
Ол онда дін мен дәстүр, адалдық, жауапкершілік, ауызбіршілік, парақорлық және басқа да өзекті мәселелер бойынша сөз қозғады. Қазіргі таңда әрбір азамат өз саласында аянбай еңбек етіп, Жаңа Қазақстанға өздерінің лайықты үлестерін қосуға тиіс екендігін баса айтты.
Жиын соңында Әулиекөл ауданында жаңадан салынып жатқан мешіттің құрылысы барысымен танысты. Осынау игілікті істің басы-қасында жүрген Көшербай Мұратұлымен болашақта пайдалануға берілетін имандылық ордасының жай-жапсары жөнінде пікір алысты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі