Баршаға мәлім, 2019 жыл «Жастар» жылы болып жарияланды. Осыған орай облыс орталығына таяу орналасқан Рудный шаһарында спорт ойынынан сайыс өткізілді.
Ол осы шаһардағы «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Оның барысында мешіт жамағаты шахматтан бақтарын сынады. Барлық ойыншылар өздерінің жақсы әзірліктермен келгендігін танытты.
Мықтылар қашан да көзге түспей қоймайды. Жарыстың қорытындысы бойынша жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.
Оларға яғни жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тапсырылып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Онда бірінші орынды Талап Сейдахметов, екінші орынды Жалғас Шериев, үшінші Ерболат Әлмұхамедов иеленді.
Ал Рудный қаласына қарасты Қашар кентіндегі «Кәмшат ана» мешітінде де жамағат «Тоғызқұмалақ» ойынын қыздырды. Мұндай шаралар жамағаттың ынытмақ бірлігін нығайтуға септігін тигізері хақ.
Мұнда бас имам Мұрат Нұрпейісұлы жеңімпаздарға құрмет көрсетіп, арнайы мақтау қағаздарын салтанатты түрде табыс етті.