Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
12 03.19

Қостанай: «Оян, қазақ!»

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, баспагер, жалынды көсемсөз шебері, қала берді Алаштың ардақты ақыны, журналист, «Алаш» мемлекетінің негізін салушы тұлғалардың бірі Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің өрнегі мен өнегелі, жастарға ғибрат боларлық басқа да қырлары жөнінде жиын болып өтті.

Бұл басқосудың мақсаты - даңқы жерлесіміздің жастарға берер ой пікірлері жайлы әңгімелеу болатын. Сондықтан – да болар мәжілістің тәлімдік жағы ерекше аталды.

Аталмыш шараға ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, аға оқытушы Серікбай Оспанов, Кейкі батыр естелік медалінің, халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдесінің иегері, журналист, ақын Абылай Мауданов сияқты көпшілікке танымал азаматтар қатысты.

Онда, Серікбай Оспанов М.Дулатұлы туралы мән-мағынасы терең әңгімелер айтса, жас ақын Абылай Мауданов ұлы тұлғаға арнауын оқыды, сондай-ақ Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Дайыр Дүйсен көпке белгілі азаматтың діни сауаттылығы жайлы сөз қозғай отырып, оның «Я,Алла!», «Алашқа», «М.Дулатұлының өмірі мен шығармасы» атты тамаша бейнероликтерді жұртшылыққа ұсынды.

Жиыннан А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың филология факультетінің студенттері мен мешіт шәкірттері үлкен әсер алды.

Семинардың соңында Міржақып атамыздың рухына құран бағышталып, қатысушыларға қыстың қымызы болып табылатын құрт көже мен бауырсақ ұсынылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
алдыңғы жаңалық
Шахмат пен тоғызқұмалақ
келесі жаңалық
Аналарға құрмет көрсетілді!

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником