Осыдан біраз уақыт бұрын облыстық «Марал ишан» мешіті мен Қостанай шаһарындағы қайырымдылық мекемесінің арасында екі ұжымның арасында діни ағартужұмысын барыншажандандыру мақсатында келісім жасалған болатын.
Онда қайырымдылық мекемесінде шәкірттерге діни сабақ жүргізу жоғарыда аталған мешіттің наиб имамы, білімді маман Асқар Мейрмабекұлына жүктелген еді.
Ол жуырда осы ұжымда болып, талапкерлерге «Ақида» сабағынан дәріс оқып, жиналғандардың көңілінен шықты. Алдағы уақытта осы жерде түрлі өзекті тақырыптарда әңгімелер өткізіліп, дәрістер жүргізілетін болады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі