Нұрбол Исламұлы Балахметовтың іскерлік қырлары облыс жұртшылығына бұрыннан таныс. Әулиекөл аудандық мешітінде бас имам болған кезінде де өнегелі істерімен жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөленген еді.
Оның Сарыкөл ауданына осындай жауапты қызметке кіріскеніне көп уақыт бола қоймаса да осы өңірдегі ағайындармен тонның ішкі бауындай араласып кетті.
Өз жұмысына тиянақты азаматтың тікелей басшылығы әрі демеушілердін көмегімен 20 ақ жаулықты әжелерімізге арнап «Айттық қоржын» табыс етілді.
Ораза айт мерекесін есте қалдыру мақсатында Нұрбол Исламұлы жамағаттармен бірге жоғарыда аталған әжелердің үйлеріне арнайы барып, мейраммен құттықтап, шынайы лебізін білдірді.
Мұндай сый-құрметке ақ жаулықты аналар баталарын жаудырды.
Сондай-ақ осы мейрекеде 36 сәби-бүлдіршінге тәттілерге толы «Айттық қоржыны» үлестіріліп, қуаныстарына себепші болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі