Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
27 05.20

Қос ғасырдың куәсі немесе Рудныйлық Ұлтай әже 115 жаста

Ғасырдан да артық ғұмыр кешіп, қазан төңкерісі, аштық, соғыс жылдары, саяси қуғын-сүргін сияқты қиында зардапты кезеңдердің куәсі болған– Ұлтай әжеміз 115 жасқа толды. Ол Бейімбет Майлин ауданында 1905 жылы дүниеге келіп, тіршілікте адалдық пен ізгілікті жанына серік етіп, ырыс-берекенің маңдай термен ғана келетіндігін ұғынып, еңбекке ерте араласты.

Қазақтың аяулы қызы 16 жасында Мұса Сыздықов екеуі шаңырақ көтерді. Сөйтіп олар кешегі өткен ашаршылықпен зұлмат жылдарды бастарынан өткізді. 

Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, отағасы әскер қатарына алынғанда, бар ауыртпалық үйдегі жас келінге түсті. Қартайған ата-енесін бағып, аянбай еңбек етті. 

Майданға аттанған ер-азаматтардың орнын жоқтатпады. Қандай қиындық болса да еңсесін түсіріп, ауыртпалықтарға мойымады. Ол өгізге соқа жегіп, жер жыртып, шөп те шапты. Таңның атысынан күннің батысына дейін белді бекем буып, қарбалас жұмыстың ортасында жүрді. 

Ұлтай әжені әңгімеге тарта қалсаңыз қазірге дейін ұзақ жасауының ешқандай құпиясы жоқтығын, оның бар сыры кезінде сол қазыналы қарт ата-енесінің жүректерін жарып шыққан ыстық лебізінде жатқандығын алға тартады. Оларды сағынышпен еске алады. 

Әрқашан да халықтың ортасында жүріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытатын белгілі дін қайраткері Рудный қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы ғасырдан асқан яғни, 115 жасқа толып отырған ардақты жанды мешіт атынан мерейтойымен арнайы құттықтады. Оған ең ізгі тілегін білдіріп, сый-сияпатын жасады. 

Әжеміздің халық жағдайын сұрап, біраз жайға қанықты. Оның сабырлылығына, қос ғасырдың куәсі болған асыл жанға тәнті болды. Көпті көрген анамыз өз кезегінде келгендерге ақ батасын беріп, жауапты қызметінде табыс тіледі. 

 Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Сарыкөл: Қабыл болатын бата
келесі жаңалық
Қостанай: 2 500 миллион

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником