Өткен қасиетті Рамазан айы кезінде Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті және оған дейін төтенше жағдай басталғаннан бері 300-ге жуық отбасына қайрымдылық жасады.
Аталмыш мешіт тарапынан ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында мешіт жамағатынан құралған «Еріктілер» тобы алғашқы 3 күнде 35 шаңыраққа жететін қаражат жинап, жалғыз басты аналар, көп балалы жанұяларға, үйінде мүгедектер кісі бар және жалғыз басты зейнеткерлерге жеткізді.
Екінші рет өткізгенде де 35 отбасына қайырымдылық жасалды. Мұнда әр рамазанда ауызашар беретін кісілер демеушілік жасады.
Үшінші акция ерекше ұйымшылдық өтті. Бұл кезде 50-ге жуық еріктілер қатысып, 70 отбасына қол ұшын берді.
Сондай-ақ, "Біз біргеміз - 4", "Біз біргеміз - 5", "Біз біргеміз - 6" қайырымдылық акциялары кезінде 120 отбасына азық-түлік үлестірілді.
Ал "Біз біргеміз - 7" рет өткізгенде өзге ұлт өкілдерінен құралған кәсіпкері белсенділік танытып, 35 отбасының қанышына себепші болды.
Жалпы, жоғарыда ұйымдастырылған 7 акция аясында 2,5 млн теңгеге жуық қаражатқа 260 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілгенін атап өту керек. Өйткені халқымызда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей. Осы шараларда демеушілік еткен азаматтарға Алла разы болсын деп Бас имам Шоқан қажы ризашылығын білдірді.