Денисов ауданының бас имамы Руслан Маратұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.
Бұл келелі жүздесудің алға қойған негізгі мақсаты - тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, деструктивті діни ағымдардан жұртшылықты сақтандыру.
Басқосуда бас имам дәстүрлі ислам құндылықтары жайында жиналғандарға жан-жақты және тағылымы мол мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің жарқын болашағы болып табылатын бүгінгі жасөспірімдерді, яғни жазғы демалысқа шыққан оқушыларды жат пиғылды діни теріс ағымдардан сақтандыру хақындакөкейде жүрген ойларын ортаға салды.
Осынау кездесу өте әсерлі де мазмұнды өтті. Онда ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, оған нақты жауаптарын алды. Жалпы, мұндай жүздесулердің қалың жұртшылыққа тигізер ықпал зор екендігін өмір дәлелдеп келеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі