Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус дерті біраз маңызды жайларды шектеп жатқаны баршамызға белгілі. Қасиетті Рамазан айы кезінде мұсылман қауымы барлық рәсімдерді үйлерінде атқарды.
Сондай-ақ биылғы Ораза айтқа байланысты ҚМДБ-ның да мәлімдемесі сайтымызға қойылды. Осылайша быйылғы «Ораза айт» намазы мешіттерде өтпейтін болды. Бұл жөнінде Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жүздесуде баяндады.
Осы аталғандармен қатар өңір тұрғындары айт мерекесін көпшілік қауымсыз, яғни өздерінің туған-туыстары мен отбасында мерекелегендері абзал. Әрине, мұның бәрі де карантинге байланысты жүзеге асырылатындығы даусыз.
Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы облыстағы барша ағайын-бауырларды алда келе жатқан «Ораза айт» мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Әрбір отбасына молшылық, ырыс-береке, амандық-саулық тілейді.