Әл-Азхар институтының түлегі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Шымкент қалалық "Тәжібай-Ата" мешітінің бас имамы Берік Арынов Қостанай шаһарында.
Ол алдымен, облыс орталығындағы 161/2 түзету мекемесіне барып, ондағы жазасын өтеп жатқан жандармен жүздесті. Оларға жалпы Ислам дінінің ізгілікке, адамгершілікке, басқа да асыл қасиеттерімізге жетелейтін жайлары жөнінде жан-жақты айтып жалпы кездесу өткізіп, кейін жеке кездесу жасады.
Содан кейін шаһарымыздағы қалалық Жайлаубай ата мешітіне ат басын бұрып, намазхандармен кездесті. Сонау шырайлы Шымкенттен келген дін қайраткері қазіргі таңдағы өзекті мәселелер жайлы әңгімеледі.
Жиналған қауымның көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берді. Жерлестеріміз Берік Арыновтың қозғаған тақырыптарын ұйып тыңдады. Жалпы жүздесулер өте әсерлі өтті. Берер мол тағылымымен есте қалды.