Қостанай облыстық мешітінің тапсырмасы бойынша Қостанайқалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев Меңдіқара ауданының «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің жамағаттарымен кездесті.

Осынау кездесу барысында «Тозақтан құтқаратын 4 амал» деп аталатын аса маңызды тақырыпқа уағыз айтылды. Жиналған жұртшылық оның ұлағатты сөзін ұйып тыңдады.

Сонымен қатар, ол осы ауданның Қасқат ауылындағы намазханасында жұртшылықпен жүздесті. Онда «Шүкіршілік – ғибадаттың бір түрі» тақырыбында әңгіме қозғады.

Көпшілік қауым өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, оған тиісті жауап алды. Жалпы, осы басқосуға 28 адам қатысты.







