Көпшілікке мәлім, ақпан айының екінші аптасында жалпы Солтүстік өңірде күн аязды болды. Ол адамдардың жүріп-тұруын қиындатты. Сол кездері Елордамыздағы барлық мешіттерде «Астана – мейрімді қала» жобасы аясында біраз ізгілікті шаралар жүзеге асырылды.
Осы жобаны үлгі тұтқан Қостанай облыстық және қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қостанай – мейрімді қала»-«Тегін такси» қайырымдылық шарасы өткізілді.
Сөйтіп сауабы мол ерекше бастаманың шеңберінде жерлестеріміздің суықтан қалмауы үшін тоңып тұрған жолаушыларды үйлеріне жеткізіп салу мақсатында қайырымдылық таксилері қызмет көрсетті.
Сондай-ақ тамақтандыру жайы да қаралды. Жаны жомарт жандардың бұл ізгілікті істеріне тәнті болған қостанайлықтар қос мешіттің имамдары мен қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді.
ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі