Қостанай облысы орталығындағы қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде екі айлық сауат ашу курсында діни білім алған шәкірттерге сертификат табысталды.
Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылған жұмыс.
Осы екі айлық оқу кезінде шәкірттерге «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Тәджуид» пәндерінен білім берілді.
Жұма намазының алдында облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаев дәріс алған түлектерге ізгі тілегін білдіріп, сертификаттарды табыстады. Сол мешіттің Бас имамы Шоқан қажы аруақтарға бағыштап Құран оқыды.
Ал қасиетті жұма намазына жиналған жамағатқа арнайы жасалған құрт көжеден дәм татып тарқасты.
ҚМБД-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі