Үстіміздегі жылы үлкен Қажылыққа Қостанай облысы бойынша 10 адам аттанған болатын. Бұл жөнінде бұдан бұрын да жазған болатынбыз.
Міне, енді 18-19 күн бойы қасиетті жерде қажылық парызын өтеген жерлестеріміз Алматы мен Астана қалалары арқылы Қостанайға оралып, жақын-жуықтарымен қауышты.
Соның бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам. Оны күллі өңір жұртшылығы жақсы біледі.
Бақытжан қажының айтуына қарағанда, қасиетті сапар сәтті өтті. Өзге бауырларымыз секілді қажылықтың барлық шарттарын орындап, жан дүниесі рухани жағынан түледі. Көп жайды көңілдеріне түйді.
Есімі көпке белгілі азаматты туған-туыстары мен әріптестері жылы жүзбен қарсы алды. Ол енді алдағы уақытта жұртшылықпен жүздесіп, өзінің алған әсерлерімен бөліседі.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі