Нақ мұсылман адамдар тыным таппас
Ихсан жасап жарысып осы танда
Құрбан шалу айт күні бұл бір сауап
Хақ Тәңірге жүрегін ұсынғанға
Құрбан айт мерекесі мұсылманның
Бұл күні дәреттеніп, ғұсылданғын
Ертерек қадам басып мешіт жаққа
Жөн болар Аллаға бой ұсынғанын
Құранда да аят бар құрбан жайлы
Сол аятты бауырлар білесің бе
«Раббын үшін намаз оқып құрбан шал»
Деп айтылған әл-Кәусар сүресінде
Құрбан шалу бұл сүннет пайғамбардан
Риуаят болған хадисті ойға алам
Пайғамбардың Сәлаба сахабасы
Құрбан шалмай мал аяп тайған жолдан
Құрбан шал мүлкін болса жетерліктей
Хақ алдында ізгі іс етерліктей
Құрбан шалсаң мал-мүлкін адал болар
Арам болып барлығы бекер кетпей
Құрбан айт көрінісі ынтымақтын
Ұйытқысы береке бедел-бақтың
Тілек тілеп құттықтап құшақ жайып
Бұл күні бір-біріне бәрі жақын
Басымызға бақ беріп Жаппар Алла
Сауап жазсын мешітке барғандарға
Қияметте бөлесін рахымына
Шын ниетпен құрбандық шалғандарға
Жүрегіне һидаят тауфиқ берсін
Ізгі істен мақрұм қалғандарға
Алла берген бұл айтта сауап жасап
Шүкіршілік етейік біздер барға
Сансыз мадақ Жаратқан Хақ Аллаға
Мың салауат Мұхаммед (ﷺ) Пайғамбарға
Береке ырыс абырой бақ дарысын
«Алла»,- деп екі қолын жайғандарға.
Жәукен Борамбай Алдабергенұлы Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің шәкірті