Есімі елімізге танымал дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы өткен аптада іс сапармен Қостанай облысында болды.
Ол осы сапарында облыстық және Қостанай, Рудный қалаларына ат басын бұрып, мешіт жамағаттарымен жүздесті. Жерлестеріміз мәртебелі қонақты жылы жүзбен қарсы алды.
Білімді азамат жұмыс барасында Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы облыстық орталық, Қостанай және Рудный қаласындағы парасат ордаларында мұсылман ағайындарға бүгінгі таңда аса маңызды әрі тәрбиелік, тағылымдық жағы мол тақырыптар бойынша уағыз-насихат айтты.
Өз саласының білгірі жоғарыда аталған жүздесулер мен қатар, Қостанай облысындағы барлық мешіттердің бас имамдарына семинар өткізіп, келелі мәселелерге тоқталды.
Бұл басқосуда оған қатысушылар Ризабек Батталұлына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты да тиянақты жауап алды.
ҚМДБ-дан арнайы келген азаматтың терең біліміне, шешендігіне жұртшылық дән риза болды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі