Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тағайындауымен Рудный қалалық «Нұр» мешітіне Азамат Серікбайұлы бас имам қызметіне бекітілген болатын. Өз жұмысына жауапкершілікпен кіріскен бас имам мешіт жамағатымен тез тіл табысып, алдағы күндерге біраз жұмыстарды жоспарлап қойды.
«Еңбек ептілікті сүйеді» демекші ынталықпен жұмысына кіріскен бас имамның сілтемесімен мешітке келуші жамағатқа күнделікті уағыз-насихаттар жүргізіліп келуде. Айтар болсақ аптасына жеті күн бекітілген кесте бойынша мешіт имамдары мен ұстаздары келуші жамағатқа дәстүрлі дініміз бен Құран құндылықтарын барынша жеткізуде. Сонымен қатар дәстүрлі дінімізді түсінуге құлшыныс білдіріп, ислам дінінен сусындап ілім аламын деген Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жамағатына Қостанай облыстық мешітінің имамдары да аянбай қызме тетуде.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі