Жақында Кеншілер қаласындағы Рудный қалалық «Нұр» мешітіне жаңадан тағайындалған Бас имам Азамат Серікбайұлы тез дегенде өз жұмысына ықыласпен кірісіп кетті.
«Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» демекші бүгін Бас имам «Рудный тау-кен технологиялық колледжінде» болып, ол жердегі үшінші курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барасында Бас имам «Терроризмнің алдын алу» тақырыбында сөз қозғап, студеттерге жат ағымның сипаттары мен негізгі қателіктерін кеңінен түсіндіріп берді. Қазіргі кездегі қоғамның негізгі қауіптің бірі болған терроризімнің жетегіне еріп, білімсіз еліктеулермен теріс пиғылды әрекеттердің арты жақсылыққа жетемелеуін және бұл ұстаным дәстүрлі дінімізге мүлде қайшы келетінін айқындап өтті. Сондай-ақ келешек өсер ұрпақтың жат ағымның жетегіне еріп кетпеу мақсатында, дәстүрлі дінімізді де уағыздап, мұсылманның бойынан табылу керек болған негізгі сипаттарды келтіріп өтті.
Кездесу соңында Бас имам студенттерді қызықтырып жүрген сұрақтарға тоқталып, келешекте дінге қатысты барша сұрақтарды тек мешіт имамдары мен ұстаздарынан сұрау керектігін ескертті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі